$ 447.4  477.55  4.76

«ХҚКО нағыз ауру жұқтыру ошағы болады»: Алматыда қауіпті ескермеген жұрт кезекке таласып тұр (ВИДЕО)

«Адам көп жүретін орындарға бармаудың орнына, дүрбелең тудырып жатқандары қалай? Бұлай жалғаса беретін болса, ХҚКО-ларды карантин кезінде мүлдем жабу керек».
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Мұқаметқали Ұлықпанұлы есімді азамат facebook парақшасында Үкімет пен әкімдерге қазіргі жағдайда барлық ХҚКО-ның уақытша жабылуы керектігін ескертті. Себебі, бүгінде нөпір халық сонда шуылдасып, кезекке таласып тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Төтенше жағдайға қарамастан, Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұрт әлі толып жүр. Орталықта көрсетілетін қызметтің 90 пайызға жуығын онлайн алуға болатынын, мына жағдайдың қауіптілігін неге әлi күнге ескермейдi жұрт?!

Адам көп жүретін орындарға бармаудың орнына, дүрбелең тудырып жатқандары қалай? Бұлай жалғаса беретін болса, ХҚКО-ларды карантин кезінде мүлдем жабу керек. Басқа елдердің мысалы бізге сабақ болуы керек. Iндет өте жылдам тарайды. Өмiрiне қауiп төнген кезде, әрбiр адам қатаң жауапкершіліктi сезiнуi тиiс!

Бұл жанталастың себебі, ҚР аумағында еңбек етуге берілген рұқсатты ұзарту мен елімізде тұрақтау мерзімін аяқтау болып отыр. Заңнамамызға сәйкес берілген рұқсат уақытылы ұзартылмаған жағдайда әкімшілік шара қолданылады.

Бiрақ, елімізде жарияланған төтенше жағдай уақыты аяқталғанға дейін ешкімге әкімшілік шаралар қолданылмайды. Бұл туралы тиісті органдар қайталап айтуда.

Жалпы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын толық онлайн режимге көшіру қажет. ЦОН-ды жаппайынша, халықтың келуі тоқтамайтын секілді. Жағдайдың қауіпті екендігін біле тұра, жұрт ағылып жатыр. Бұлай жалғаса берсе, ХҚКО нағыз ауру жұқтыру ошағы болады ғой. Жан-жақты жауып, карантин жариялағанымызды қайтейік, егер өзіміз осындай әрекеттi жалғастыра берер болсақ», - дейді жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары