19.03.2020, 05:45

Елорда іргесіндегі бес ауылдың тұрғындары қалаға емін-еркін кіріп-шыға алады

фото: dknews.kz
Әкімдіктен хабарланғандай, бұл бес кент қала шегінде орналасқандықтан, Нұр-Сұлтанмен қатар карантинде.

Елорда әкімдігі қала маңында өмір сүретін адамдарға карантинге жабылған Нұр-Сұлтанға кіру жөнінде айқындық енгізді. Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Жібек-Жолы және Қоянды тұрғындары қалаға ешқандай анықтамалар мен рұқсатсыз келе алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктен хабарланғандай, бұл бес кент қала шегінде орналасқандықтан, Нұр-Сұлтанмен қатар карантинде. Сондай- ақ, елорда аумағы бойынша орнатылған бөгеттер қала мен ауылдар арасындағы өткелге кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылған.

Сонымен, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Жібек-Жолы және Қоянды тұрғындарына жұмыс орнынан ешқандай анықтама немесе Нұр-Сұлтанға бару үшін өзге де арнайы құжаттар қажет емес.

Түнде қала шекарасына 6 бөгет қойылса, кейінгі 7-ші қадағалау бекеті Шұбар ауылының жанына орналасты.