$ 444.22  476.38  4.82

Бүгіннен бастап елімізде карантин талаптарын бұзғандар 15 тәулікке қамалады

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін.
фото: kp.ua
фото: kp.ua

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін түнгі 12-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады. Сонымен қатар, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек», – деді ол онлайн брифингте.

Жұмысқа шақырғанды растау үшін тікелей басшының немесе кадр қызметкерлерінің телефон нөмірі болғаны жөн.

«Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет», – деді министр.

Ол қала тұрғындары үй жануарларын үй маңында серуендете алатынын да атап өтті.

«Ал егер адамдар басқа себептермен сыртқа шықса, онда алдымен ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», – деп ескертті министр.

Ескерте кетсек, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ондай жағдайда полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары