$ 444.22  476.38  4.82

«Бекболат ағамыздан өнеге алып жүрген жігіттер қыздармен қатынша ұрысуды біледі» - Айгүл Орынбек

Ал, Алланың Назарбаевқа берген сыйы қандай екен? Бізден гөрі, сіз сол кісіге жақынсыз ғой, айта барыңызшы "Қазақтың жері, яғни əрбір тасы мен құмы, суы мен байлығы, Алланың Қазаққа берген сыйы" деп.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Бекболат Тілеухановтың қазақ жігіттеріне қатысты айтқан сөзіне жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Facebook-парақшасында "Қазақтың жігіттері мықты болса, қазақ қыздары Саинада тұрмас еді, Жириновский бізге ауызына келгенін айтпас еді" деп жігіттерді сынға алған Бекболат Тілеухановқа өткір сұрақ қойды.

Оның ойынша, қазақтың мықты жігіттерін түрмеге тоғытқан. Қазіргі қоғамдағы қазақ жігіттері қыздарды қорғау былай тұрсын, ауыздары өсектен босамай жүр.

"Аға, егер біздің елім деп шыққан азаматтарды автоматпен атпаса, басын жарып түрмеге қамамаса, Сары Алмаз, Баха Фестиваль, Космо браттар тірі болса, Жириновский деген шірік ауызына келгенін айтпақ түгіл, пыңқ еткізбес еді.

Алтынбек, Заманбек сияқты ағаларым тірі болғанда, Жаңаөзенде халыққа қарсы оқ атылмас еді. Қазақтың жігіттерін түрмеге тығып алып, қазақтың мықты жігіттері туралы əңгіме айтудың қажеті жоқ. Егер өзіңіз мықты болсаңыз, неге сол Жириновскийге жауап қайтармайсыз? Əлде сіз қазақ жігіттері құрамына кірмейсіз ба? Қазақтың кейбір жігіттері, яғни сізді үлгі етіп жүрген, тек жезөкшелермен күліп отырып сұхбат алуды біледі.

Егер қазақтың мықты жігіттері қандай болу керек екенін көрсеткіңіз келсе, тілмен емес іс-əрекетпен көрсеткен дұрыс-ау, өйткені сізден өнеге алып жүрген жігіттер қыздармен қатынша ұрысуды, сауна жағалап, қыздарға талақ айтып тастап кетуді біледі. Аа айтпақшы, "Назарбаев Алланың қазаққа берген үлкееен сыйы " деп айтыпсыз.

Ал, Алланың Назарбаевқа берген сыйы қандай екен? Бізден гөрі, сіз сол кісіге жақынсыз ғой, айта барыңызшы "Қазақтың жері, яғни əрбір тасы мен құмы, суы мен байлығы, Алланың Қазаққа берген сыйы" деп. Артық айтсам, ренжімеңіз, бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ деген", - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары