$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында «әлемге танымал жазушы» бекеттен кезексіз өтпек болған

«Мына куәлікпен ғарышқа ұшуға болады екен!», «Сабау керек, Үндістандағы сияқты!», «Заң бәрімізге ортақ, үйден сыртқа шықпай отырмыз. Нобель сыйлығының лауреаты болса да Заңға бағынуға міндетті» десті көпшілік.

Кентау-Түркістан бағытындағы бақылау-өткізу бекетіне барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов facebook парақшасына өзінің бір келеңсіз көрініске тап болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін Кентау-Түркістан бағытындағы бақылау-өткізу бекетіне бардым. Көліктер заңға бағынбай, 2-3 қатарға тұрып, бекеттен кезексіз өтуге әрекет жасауда. Бұл өз кезегінде кептеліс тудырып, азаматтар уақыттарын жоғалтып жатыр. Полиция қызметкерлері заңға бағынбаған адамдарға айыппұл салып, колоннаның соңына кезекке қайта жіберуде.

Тіпті, «Әлем халықтары жазушылары одағының» мүшесімін деген азаматша кезектен тыс өткізуін талап етіп шу шығарды. Заң бәріне ортақ болғандықтан, ол азаматшаның көлігі де кезек соңына жіберілді. Егер біз полиция талаптарына бағынбай, заңды сақтамасақ, бір-бірімізді сыйламасақ, кезекте ұзақ тұратынымыз анық.

Барлық азаматтарға айтарым, қалааралық қозғалысты тоқтатып, үйде отырыңыздар дегім келеді. Сенбі-жексенбі күндері «шұғыл» жұмыстардың барлығын тоқтату қажет. Әкімдік пен ТЖ штабы айтқан ережелерді сақтауды өтінемін!», - дейді Сәкен Қалқаманов.

Осы орайда, жазба астына пікір қалдырған желі қолданушылар өзін-өзі ұятқа қалдырған әйелдің өрескел әрекетін біраз сынап-мінеп тастады.

«Әлем халықтары жазушылар одағының мүшелеріне коронавирус жұқпайды деп ойлайтын шығар? Адамдар қызық», «Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесіне» заң жүрмей ме екен? Қайдан тауып алады осындайды? Еркелеп жүрген біреу-ау», «Мына куәлікпен ғарышқа ұшуға болады екен!», «Сабау керек, Үндістандағы сияқты!», «Заң бәрімізге ортақ, үйден сыртқа шықпай отырмыз. Нобель сыйлығының лауреаты болса да Заңға бағынуға міндетті» десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары