$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан мен Алматыда дайын тамақты жеткізу қызметіне сұраныс артқан

Бірақ, тап қазіргідей жағдайда тамақты жеткізу қаншалықты қауіпсіз?
фото: cakeblog.su
фото: cakeblog.su

Сақтық шаралары күшейгелі кей қызметке сұраныс артты. Соның бірі – дайын тамақты жеткізіп беру қызметі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бірақ, тап қазіргідей жағдайда тамақты жеткізу қаншалықты қауіпсіз? Бұл күнде мейрамхананың дайын тамағына сұраныс артқан. Кәсіпкер Манас Наурызым басқаратын компанияның өзінде осы дайын асты жеткізіп берумен 50-ге жуық адам айналысады.

«Жұмысқа тұрам деген кісілердің саны екі есеге көбейді. Бірақ, қаншалықты керек, соншалықты алып жатырмыз. Қазіргі кезде тапсырыстар саны 20-30%-ке өсіп жатыр. Біздегі курьерлер санын 20%-ке толықтырып жатырмыз», - дейді дайын тамақты жеткізу компаниясының өкілі Манас Наурызым.

Карантинге байланысты, кей компаниялар қазір қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Тіпті, адамдарды жұмысқа қабылдау да онлайн режимде жүргізіледі. Бұны такси қызметінің кеңсесі растаған. Мысалы, алматылық такси жүргізушілері де тамақ тасу сынды қосымша қызметтен нәпақа тауып қалуға тырысады екен.

«Кеше қоңырау шалып, GLOVO-ға тіркелгім келетіні жайлы айттым. Олар болса, ия ертең сағат 11:00-де келе беріңіз деді. Енді келсем, сыртта 200-дей адам тұр. Жұрттың бәрі тамақ тасуға лап бергендей», - дейді Алматы қаласының тұрғыны.

Күнкөрістің қамымен елордалық такси жүргізушілері де тамақты үйге жеткізіп беруге дайын. Бірақ, сақтық шараларының күшеюіне байланысты, олар біраз қиындыққа тап болған.

«Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат беретін анықтаманы алып кетіңіздер» деді. Таңертең мұнда келсек, адам көп. Полиция келіп, бәрін тарқатып жіберді. Түсінікті ғой, карантин болған соң көшеде үш адамнан артық жүрмеуі тиіс. Анықтама үшін қайта айналып келдім, міне», - дейді нұрсұлтандық азамат.

Бұл ретте, такси жүргізушісі өзінің жұмыс істейтінін дәлелдеу үшін анықтаманың электронды нұсқасын алдыруына болады. Дайын асты жаяу немесе велосипедпен жеткізіп берушілер де осындай құжат алып жүруі шарт. Демек, мұндай қызмет түрлері карантинге қарамастан жұмысын жалғастыра бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары