$ 498.34  519.72  4.85

«Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар»: министр тұрғындарды полицейлерге қарсыласпауға шақырды

Министр төтенше жағдай кезінде айыппұл салу бюджетке ақша түсіру үшін емес, тәртіп үшін қажет екенін айтты.
фото: ehonews.kz
фото: ehonews.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде тәртіп сақшыларының жұмысына түсіністікпен қарап, тұрғындарды олармен жанжалдаспауға шақырды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар қаласында карантин режимі күшейтіледі. Біздің күнделікті өмірімізге әсер ететін жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Әр адам осы жаңа міндеттерді толықтай орындаса, олардың тиімділігі артады. Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар. Сондықтан азаматтарымызды осы жаңа міндеттерді жауапкершілікпен орындауға шақырамын», - деді Әділет министрі, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр төтенше жағдай кезінде айыппұл салу бюджетке ақша түсіру үшін емес, тәртіп үшін қажет екенін айтты.

«Әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту – тұрғындардың темірдей тәртіпке бағынуы үшін қажет. Төтенше жағдай кезінде айыппұл салу арқылы бюджетке ақша түсіру көзделіп отырған жоқ. Қазына қаржысын көбейту үшін салықтан түскен түсім жетеді. Сондықтан полицейлер карантин режимін бұзғандарды қамауды көздемейді. Олардың жұмысына түсіністікпен қарап, тәртіпке бағынайық», - деді ол.

Министр көшеге шыққан адам тәртіп сақшыларына не мақсатпен жүргенін байыппен түсіндіріп беруі тиіс деді. Егер қолыңызда рұқсат қағазы болмаса, тікелей басшыңызға немесе кадр бөлімінің маманына хабарласу керек екенін айтты.

«Егер полицейлер сіздің сөзіңізге күмән келтірсе, өзі тексеруге құқылы. Мұндай жағдайда тәртіп сақшысына жұмыс берушінің немесе кадр маманының нөмірін бересіз. Ол өзі хабарласып, көз жеткізе алады», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары