$ 498.34  519.72  4.85

«Коронавирустан аман болайық!»: қазақ ішімдікпен текке «емделіп» жүр екен (ВИДЕО)

«Алкогольді қолдану сізді COVID-19 індетінен қорғамайды және ол өте қауіпті болуы мүмкін. Алкогольді жиі немесе шектен тыс қолдану денсаулыққа төнетін қауіпті күшейтеді», - деп мәлімдеді ДДСҰ.
фото: racurs.ua
фото: racurs.ua

Facebook желісінде үйге кірген қонақты босағадан антисептик және арақпен күтіп алып, ішке «дезинфекциядан» өткізіп барып кіргізіп тұрған әйелдердің видеосы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Наурыз мерекесі қарсаңында түсірілген видеода пәтерге сырт киіммен кірген әйелді алдынан үй иелері күтіп алып, қолын антисептикпен сүртуді сұрайды. Одан кейін стақанға арақ құйып беріп, ауыз қуысын, тамағын шайып ішуін талап етеді.

Қолына арақ толы стақанды ұстаған қонақ: «Наурыз құтты болсын!» деп тілек айта бастап еді, оны күтіп алған орыстілді әйел: «Коронавирустан аман болайық де, не Наурыз құтты болсын!» деп «түзетіп» қойды. Сөйтіп, ішімдікке аса кетәрі емес әйел: «Иә, коронавирустан аман болайық!» деп арақпен аузын шайып, тіпті, соңғы тамшысын да тамсана жұтып, қонақ бөлмеге қарай өтеді.

Бұндай ерсі әрекетті көрген жұрт жай қарап қалсын ба, жастары егде тарта бастаған ол әйелдерді «біраз жерге апарып тастады», әрине. Ал біз ондағы пікірлер туралы емес, сол ішімдік ішудің шын мәнінде коронавирустан қорғамайтынын айтпақпыз. Керісінше, арақ-шарап дегеніңіз қауіпті күшейте түседі екен.

«Алкогольді қолдану сізді COVID-19 індетінен қорғамайды және ол өте қауіпті болуы мүмкін. Алкогольді жиі немесе шектен тыс қолдану денсаулыққа төнетін қауіпті күшейтеді.

Сондай-ақ, деміңізді 10 немесе одан да көп секунд жөтелмей немесе басқа да қолайсыздықты сезінбестен ұстап тұра алу сіздің науқас емес екеніңізді немесе өкпенің басқа да ауруына жолықпағаныңызды білдірмейді», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні ДДСҰ.

Сондықтан әлгі «әжелер» де, басқалар да қазақ білген «ем-домды» Қытай, АҚШ, тіпті, өздері «бізге арақ ішуді үйретті, бірақ, нормасын үйретпеді» деп «кінәлайтын» Ресей халқы білмей қалыпты деп ойламаса керек-ті. Бұл ретте, біз әдейі әйгілі үш державаны ғана айтып отырмыз. Әйтпесе, коронавирустан мың-мыңдап қырылып жатқан басқа да «ішкіштер» қаншама?!.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары