$ 494.87  520.65  4.91

«Ешкім қарсы емес пе?»: карантиннен іші пысқан Тасова желіге жалаңаш суретін жариялады (ФОТО)

Алайда, перде артындағы әдемі мүсінді оқырмандарының көбі оның өзінікі деуге қимаған.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Төсін ашып елге танылған экс-депутат Динагүл Тасова енді тыржалаңаш суреттерін жариялай бастады, деп жазды Caravan.kz, оның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Тек төсін ғана салатын Динагүл Тасова өзінің жеке әлеуметтік парақшасында оқырмандарын тыржалаңаш түскен суретімен шошытты» деп «жағасын ұстапты» сайт тілшісі.

Бұл ретте, Тасова сол суретінің астына «Карантиннің екінші аптасы. Егер мен осындай суреттер салып тұрсам, ешкім қарсы емес пе?» деген жазба қалдырған екен. Алайда, перде артындағы әдемі мүсінді оқырмандарының көбі оның өзінікі деуге қимаған.

«Не сұмдық, масқара?!», «Сені қазақ қызы дейді-ау», «Ұятсыз екенсің, бетімен кеткен», «Карантинде пайдалы нәрсемен айналыссаңшы, айналайын!», «Кітап оқу керек саған, ең дұрысы» мағынасында сынап жатқандар да аз емес.

Иә, биылғы бір сұхбатында «Енді тек жақсы жағымды көрсетем деп шешім қабылдағанын» айтқан модельдің мына қылығына кім қандай ренішін білдірсе де жарасатындай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары