$ 494.87  520.65  4.91

«Желінбей қалған тамақтарың болса...»: келіншек толықтығын бетіне басатын күйеуіне шағымданды

Күйеуінің телефонда белгісіз біреумен үздіксіз сыбырласып сөйлесетінін байқаған келіншек ер азаматы өзінен суып, теріс айнала бастағанына көзі жетіпті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Күйеуі толықтығын бетіне басып, мазақтай беретін әйел сырымен бөлісті, деп хабарлайды NewsRoom+. 

Өзін Анар деп таныстырған келіншек Қостанай қаласының тұрғыны. Оның айтуынша, тұрмыс құрмай тұрып 70 келі  салмақта болыпты. Арадан уақыт өтіп, 3 бала қатар туған соң, әйел жылдам семіре бастаған. Қазір оның салмағы 128 келі екен. Оның себебін өзі де білмейтін келіншек, осы уақытқа дейін толықтығын трагедия деп қабылдамаған. Күйеуі жиі айта бастағанда ғана семіздігі проблемаға айналғанын түсінеді. 

"Мен қыз күнімде де арық болмадым. 70 келідей салмағым бар-тын. Әнуар (жолдасы) мені сол кейпімде де жақсы көрді. Сүйіп қосылдық. Шекесі торсықтай үш ұлымыз бар. Бәрі жақсы болатын. Тек, мен үш баламен үйде отырып тез семіріп кеттім. Күйеуім бұрындары оны білдірмейтін. Тек кейінгі кездері жиі бетіме басып жүр. Үйге келген қонақтардың көзінше, өзінің, менің туыстарымның көзінше орайын тауып, семіздігімді айтып қалуға тырысады. Жақында достарымен бір туған күнде отырғанбыз. "Біздің Анар талғамай жей береді, желінбей қалған тамақтарың болса, салып жіберіңдер" деп қойып қала салды. Достары ду күлді. Мен кірерге тесік таппай, қатты ұялдым", - дейді кейіпкер. 

Айтуынша, кейінгі кездері үйге кеш келетінді шығарған. Төсекке қатар сыймаймыз деп бөлек жататын көрінеді. Күйеуінің телефонда белгісіз біреумен үздіксіз сыбырласып сөйлесетінін байқаған келіншек ер азаматы өзінен суып, теріс айнала бастағанына көзі жетіпті.  Кейде жұмыста отырып, арық қыздардың суретін әйеліне жіьеруі де бекер емес екенін түсінген Анар, "баяғы қалпыма қалай қайтам", - деп көмек сұрауда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#семіз әйел