$ 447.4  477.55  4.76

Карантиндегі челлендж: қазақстандықтар шаштарын тақырлап ала бастады

Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты.

Қазақстанда жаңа шаш үлгісі сәнге айнала бастады. Карантиндегі адамдар шашын тақырлап алып жатыр, деп жазады Sputnik.

Қытайда эпидемия кезінде медицина қызметкерлері гигиена сақтау жеңілірек болуы үшін шашын тақырлап алған болатын. Қазақстанда да бұл әдіске қызығушылық танытушылар күн сайын көбейіп келеді. Сұлулық салондары жабық. Олардың қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан тұрғындар шашын өз үйінде ала бастады.

Елде 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылған болатын. Кейін өзге өңірлер мен қалалар да бірінен соң бірі жабыла бастады.

Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты. Оның шашын күйеуі алған. Сурет желіде 27 наурыз күні жарияланды.

Дәл осы күні астаналық блогер Ерлан Сәкенов те осындай қадам жасады.

Ал бизнесмен Әлішер Елікбаев бұл процесті видеоға түсіріп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары