$ 446.49  475.38  4.79

Кәсіпкер «цифрландырудың көпжылдық бос әңгіме әрі ұрлық» екендігін айтты

Ақыры сол кезде қаражатты орынсыз жұмсаған екенбіз, енді соның орнын толтырып, "Экспо" орталығын аурухана етіп қайта жабдықтауды ұсынамын және ешкімге қажеті жоқ "Қаржы орталығын" қуып шығу керек.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

"Цифрландыру деген бос әңгіме" дейді белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай. Оның пайымдауынша, көпжылдан бері елдің құлағын шулатып, "жыр болып" келе жатқан электронды үкімет саясатының астарында ұрлық пен жемқорлық жатқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Коронавирус көпжылдық цифрлы жемқорлықты әшкере етті" деген кәсіпкердің тұжырымынша "індет келгенде цифрландыру жұмыстары аясында жасалып жатқан небір құйтырқы істердің "арты" ашылып қалған" секілді.

Мәселен ол, "жемқорлық - коронавирустан да бұрын түбімізге жетеді" деген пікірде.

"Үкіметіміз ақпараттандыру мен цифрландырудың дамуына жұмсаған қаражатқа әлемнің ең жоғары технологиялы компанияларының тізімінің жартысын құруға болар еді. Америкалықтарда "Тек су қайтқанда ғана кім дамбалсыз жүзгені көрініп қалады" деген жақсы мақал бар.

Өкінішке орай, Білім министрлігінің Күнделігі, Денсаулық сақтау министрлігінің үлестес DamuMedі, e-gov электронды үкіметінің "Цифрландыру" деп аталатын бағдарламасы көпжылдық бос әңгіме, жай ғана ұрлық болып отыр. Алайда, Белорусь елі секілді осындай тапсырыстарды жеке IT компанияларға берсе, Қазақстанның IT секторын толығымен, зор қарқынмен аяққа тұрғызуға болар еді. Олар осы жұмысты жүз, тіпті, мың есе арзанырақ жасайтындарына сенімдімін!

Көкке ұшқан қаражат, орны толмас жылдар, адасқан ұрпақ. Іс жүзінде жемқорлық бізде коронавирустан да мықтырақ, әрі тезірек біздің түбімізге жетеді.

Тағы оқи отырыңыз: «Карантин деп 3 мегаполисте емхана салу – ең үлкен ақымақтық» – Аятжан Ахметжанұлы 

«Не пәле мынау?!»: қоғам белсендісі 42500-ге онлайн түрде өтініш тастай алмай жатқандарды сынады (ФОТО)

«Жұмағалиев жауап берсін!»: интернетсіз халық «Цифрлық Қазақстанның» қаржысы қайда кеткенін білгісі келеді

Тағы да мынадай жайт бар: егер өз кезінде "Экспо" орталығының орнына ауруханалар салған болсақ, қазір бұл істі асығыс қолға алмас едік. Ақыры сол кезде қаражатты орынсыз жұмсаған екенбіз, енді соның орнын толтырып, "Экспо" орталығын аурухана етіп қайта жабдықтауды ұсынамын және ешкімге қажеті жоқ "Қаржы орталығын" қуып шығу керек", - елдегі ахуал жайлы азаматтық көзқарасын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары