$ 494.87  520.65  4.91

«Өзімізге көмек керек болып тұрғанда, өзге елге қалай гуманитарлық көмек береміз?» - заңгер (ВИДЕО)

Бір күн киіп тастау керек киімді жуғызып, кигізіп жатыр!
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Санитарка болып қызмет ететін бір әйелдің коронавирусқа қарсы қорғаныс костюмдерін жуып, кептіру үшін далаға жайып тұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлгі видеоны көрген танымал заңгер Айгүл Орынбек: "Бір күн киіп тастау керек киімді жуғызып, кигізіп жатыр! Біз өзге елге қалай гуманитарлық көмек береміз, өзімізге көмек керек болып тұрғанда! Енді мынау дұрыс па?", - деп facebook парақшасында жазды.

Ал "Азаттық рухы" болса, Маңғыстау облысының медбикелері қорғаныс костюмдерін жууға мәжбүр екендігін хабарлаған.

 Видеоға көзжүгіртіп, құлақ түрсеңіздер, қорғаныс киімдерін жуған әйел: "Біздер енді мына коронавирустың заттарын, киімдерін жуып жатырмыз. Біздерге төленетіні бар ма екен!?", - деп қосымша ақша берілетіндігінен бейхабар екендігін аңғартқан.

Оны видеоға түсіріп тұрған адам болса, "Міне, мынау біздің Өзеннің санитаркалары. Бізде сестра-хозяйка жоқ. Біздің санитаркаларға қосымша ақы төленбейді. Соны төлеуін сұраймыз. Санитаркалардың қандай арыз-шағымдары бар?", - деп оған төтесінен сұрақ қойды. 

Айтпақшы, видеоны көрген желі қолданушылары да қарап қалмаған. Олардың бірі: "Бір размер үлкенін беріп жатқан шығар, келесі жылы да киесің деп" әзілдесе, енді бірі "Бөлініп жатқан трлн қаржылар қайда кетіп жатыр сонда?", - деп қоғамда болып жатқан оқиғалардан хабардар екендігін байқатты.

Мұнымен әлеуметтік желідегілердің жазары таусылмады. 

Мәселен олар: "Иә, дұрыс екен медработниктеріміздің вирус жұқтыруы! Әрине, мынадай подxодтан соң бәрі мүмкін!", "Олардың жуып жүргенін жоғары жақ білмейді. Мәлімдемелері бойынша все чики-чики есеп бергенде жасырып, жауып бәрі мұнтаздай деп жазылады. Сосын оларда соған сенгісі келеді. Типа құда да тыныш құдағай да тыныш", "Мына үкімет қазақты қыруды қолға алған ба?", "Өзгеге шашылады, өзіміз десе өзек талып", "Гуманизмнен шаршамайды екен... сақтай гөр!", "Нағыз масқара мынау!", "Біздің елде неге ең лас жұмысты жасайтындардың айлықтары аз? Мысалға санитарка, техничка, сантехник, аула сыпырушылардың. Еңбектері неге бағаланбайды? Елу мың, алпыс мың, ары кетсе жетпіс мың айлықпен қалай күн көреді деп неге ойламайды?", - десті.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтқандығы туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары