Мұхтар Тайжан карантин уақытында тұрмысы төмен адамдардан азық-түлік, қаражат сұраған хаттар көбейіп кеткенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экономист, сонымен қатар, халық жағдайының күрт төмендеуіне билік басында жүрген экономистерді кінәлап отыр. Осы орайда Мұхтар Тайжан өзіне келген хаттардың бірін жариялап, көпшіліктен көмектесуін сұрады.
"Халықтың жағдайы әбден нашарлап кетті. Соңғы кезде маған бұндай ауыр хаттар көп келіп жатыр. Хат жолдаған адам менен көмек сұрап, көпшілікке жариялап беруімді сұраған. "Көп көтерген жүк жеңіл" дегендей, сіздердің араларыңыздан қайырымды жандар табылып қалар.
Халықтың жағдайы соншама мүшкіл болып кетуі - билік экономистерінің тікелей кінәсі!", - деп бастаған ол:
"Мұхтар, сәлеметсіз бе?! Менің көршім 1-бөлмелі пәтерді жалдап тұрады, аты - Ботагөз, жасы 50-де, рак ауруымен ауырады, қолында шешесі бар, 90 жастағы әженің де денсаулығы нашар. Қазір пәтерге төлейтін ақшалары жоқ, дәрілерін ала алмай жатыр, тамақтары да жоқ, сізден сұрайтыным, осы кісілерге көмек жасайтын азаматтар болса, көмектесіп жіберіңізші, бастарында үйлері жоқ, кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Аты Ботагөз Сағынбайқызы, тел 87075534253/ каспи голд 5169 4931 9162 3837. Адрес г. Алматы, Аксай 4, дом 83, кв 26. Алла разы болсын!", - делінген жазбада.
Осы жазбаға пікір қалдырушылардың бірі:
"Бұл басы ғой, осыдан карантинді соза берсе, билік өз қолдарымен баяғы ашаршылық заманын әкеледі. 30-жылда елді ит қылды ғой, үйсіз қаңғып жүрген адам көп, көрінген адам кредит төлейді, қарапайым халықтың назары мен көз жасы жібермейді!", - деп қаһарын төксе, енді бірі:
"Кешіріңіздер, 90-дағы əжеге пенсия бермейді ме екен? Ракпен ауыратындарға обязательно тегін дəрі береді. Медсестралар əкеліп беруі керек. 42500 тг-ге өтініш берді ме екен? Бізде алып жатқандар бар", - сенімсіздікке толы пікірін қалдырды.
Экономистің оқырмандарының ішінде шет елдік компанияға жұмыс істейтін азамат шетелдіктердің қазақ халқына таңғалатынын және өз елімен салыстыратынын да қоса кетті.
Осындайда әл-ауқаты төмен адамдардың елімізде көбейіп бара жатқаны қынжылтып қана қоймай, намысқа тиетіні анық. Пікір қалдырғандардың көбі дерлік халықты қайыршылыққа итермелеп тұрғанына, тұрмыс-тіршіліктің күрт нашарлауына Үкіметті кінәлап отыр.
Оған төмендегі пікірлер дәлел:
"Дұрыс айтасыздар, тура 30 жылдардағыдай. Әр отбасы емес, әр адамның басында кредиттері бар, оны алмайын десе тағы болмайды. Бар тапқандарын тек кредит, квартира, күнделікті тамағына жұмсап отыр. Мектепте оқып жүргенімде 2030 жылы ең бай мемлекет боламыз деп үйретіп келді. Сол кезде өте ұзақ сияқты еді. Міне ол жылдарда келді. Қазір жасым 33 те. 2020 жыл. Баяғы қазақ сол, қазақ! Өзгерген ешнарсе жоқ. Әдемі қаланы суық жерге тұрғызды, өте қымбат қала. Ол қымбат, зәулім үйді не істейді, кім алады?! Күнін көруге зорға ақша тауып жүрген болса... Біз 30 жыл алға емес, 30 жыл артқа кетіп жатқан сияқтымыз?!";
"Халықтың жағдайы бұрыннан нашар, карантин - тек қана себеп";
"Халықтың Үкіметтен көңілі қалды. Осындай кісілерге бірінші көмек көрсетілу керек еді. Бір ай болды 42500 теңгенің жыры. Таусылмайтын отырыс, жиналыс, нақты тапсырма сөз күйінде қалып қойды;
Иә, бұл қиындықтан бірлікте, бір-бірімізге көмек қолын созып қана шыға аламыз деп сенейік. Қазіргі пандемия уақыты тек тұрмысы төмен, жұмыссыз қалған адамдар үшін емес, Мемлекетке де қиынға соғып тұрғанға ұқсайды.