$ 498.34  519.72  4.85

«Әуре болмай-ақ қойыңыздар»: Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге нақты кімдерге берілетінін кесіп айтты

Ең негізгі жалпы қағидаты: 42500 теңге ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙРЫЛҒАН адамға қарастырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "мен 42500 теңгені ала алам ба?" деп сұрайтындарға жауап берді.

"Әлі де маған жиі қойылатын сұрақтың бірі - мен 42500 теңгені ала алам ба? Тағы да бір естеріңізге салып қойсам. Ең негізгі жалпы қағидаты: 42500 теңге ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙРЫЛҒАН адамға қарастырылған. Сондықтан, әуелі өздеріңіз үшін - менің жағдайым осыған жата ма жатпайма дегенді шешіп алыңыздар! Оны, өтініш бергенде төмендегі жазба есіңізге тағыда бір салып қояды. Соған сенімді болсаңыз, - алға!" - деді министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда, "егер төтенше жайғдайға дейін жұмыс (ресми, бейресми) ЖАСАМАЙ КЕЛІП, енді, беріп тұрған 42500 теңге ала салайын деп БЖТ (ЕСП) төлеудін қажеті жоқ".

Сонымен кім ала алады?

1. Жалдамалы жұмыскер, егер оны ақысыз демалысқа жіберген болса. Мемлекеттік мекемеге тарамайды.
Сіз үшін өтінішті жұмысберуші өткізу керек. Бірақ егер жұмысберушіңіз осы күнге дейін “ұйықтап” жатса, өзіңіз беру мүмкіндігін қарастырып қойдық (мекеменің БИН көрсету арқылы).
Сіз ештеңе төлемейсіз. Себебі Сіз ресми жалдамалы жұмыскерсіз.

2. Жеке тұлға. РЕСМИ жұмыс жасап жүрген. Жеке кәсіпкер (ИП), немесе ресми БЖТ (ЕСП) төлеп жүрген кәсіпкерсіз.

Егер соңғы 12 айда бір ғана әлеуметтік төлем жасаған болсаңыз, және мен төтенше жағдай кесірінен табысымнан айырылдым деп санасаңыз, - алға!

Жоғарыдағы екі мысал бойынша Сіздің зейнеткер, мүгедек, не жәрдемақы алушы болғаныңыз еш кедергі болмайды.

3. БЕЙРЕСМИ жұмыс істеген болсаңыз. Еңбек шартыңыз болмаған, ИП жоқ, БЖТ (ЕСП) төлеген емессіз ешқашан. Сіз осы күнге дейін ешқандай заңды сақтамай жұмыс істеген екенсіз. Бірақ, төтенше жағдайда, оған “көзімізді жұмамыз”, Сізге де 42500 алуға болады.

Ол үшін Сіз өзіңіз үшін шешіңіз - мен шынайы төтенше жағдайға дейін бейресми болсада тіршілік, ЖҰМЫС ЖАСАҒАНМЫН деп!

Сосын, алдын ала (бір күн бұрын) БЖТ (ЕСП) бір рет төлеңіз. Кейін өтінішіңізді беріңіз, ол кезде соңғы рет жазбаны тағыда оқып – иә, бейресми жұмыс істегенімді растаймын деп өзіңізге жауапкершілік алып қоясыз.
Сонда Сізде барлығы сәтті болады.

Бірақ, егер Сіз бейресми де жұмыс ІСТЕМЕГЕН болсаңыз, төтенше жағдайға дейін РЕСМИ ЖҰМЫС істемеген
зейнеткер, мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен алушы болсаңыз, Сіздерге, кешіріңіздер, 42500 теңге болмайды. Кәмелет жасқа толмаған балаларға да болмайды.

Бұл жағдайда 42500 теңге аламын деп БЖТ (ЕСП) төлеп әуре болмай-ақ қойыңыздар.

Себебі бұл төлемнің мәні басында айтқандай - ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙРЫЛҒАН адамдар үшін.

Дереккөз: Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары