ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған өтінішті толтыру кезінде жиі жіберілетінін қателіктер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Біз өтініштерді түбегейлі тексеруге мәжбүрміз, өйткені бүгінгі күні келіп түскен 4 миллион 900 мың өтініштің ішінде, мысалы 1,2 миллионға жуық қайталанып берілген өтініштер, сонда нақты 3,7 миллион адам өтініш берген, бірақ олардың арасында да көптеген қателікке жол бергендер бар. Мысалы, көптеген адамдар ЖСН-ны қате көрсеткен. Егер ЖСН қате болса, онда бұл адам есепте жоқ деп шығады, 63 мыңнан астам адам осындай қателікке ұрынған. Екіншіден, кейбір адамдар банктік шотты дұрыс көрсетпеген, сол секілді біреудің шотын көрсетеді немесе банктерде тіркеуде жоқ шоттарды көрсетеді - олардың саны 83 мыңнан асады, - деді Нұрымбетов.
Сонымен бірге, ол азаматтарға тек өзінің жеке басының деректерін көрсету керек екенін баса айтты.
Бұл жерде тағы бір нәрсені еске салғым келеді: адамдар "неге біз досымыздың, ата-анамыздың, ұлымыздың, туысқанымыздың есебін көрсете алмаймыз" деп шағымданады. Біз бұған рұқсат бере алмаймыз. Өйткені бұл алаяқтар үшін үлкен мүмкіндік болуы мүмкін. Алаяқ сіздің атыңызды, тегін, ЖСН тауып, сіздің атыңыздан өтініш толтырып, шотыңызды көрсетіп, ақша алып алуы мүмкін мұндайда. Сондықтан өз шотыңызды көрсетуіңіз керек, - деп түсіндірді министр. Оның айтуынша, қазір барлық өтініштер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Үшіншіден, көптеген адамдардың екінші жұмысы бар, жалақы алады, немесе, керісінше, кірісі көп адамдар бар, сол секілді зейнеткерлер, мемлекеттік жәрдемақы алушылар да бар, оларға болмайды, төтенше жағдайға дейін жұмыс істемегендер де. Олардың барлығының саны - 500 мың. Ең үлкен санат, бұл - өтініш беріп, Бірыңғай жинақы төлем жасадым деп мәлімдеген 1 миллионнан астам адам. Бірақ соңғы 12 айда олар үшін ешкім ақша төлемеген. Бұл өздігінен жарыққа шығып, белгілі болып қалып жатыр, - деді ол.
Нұрымбетов тексеріп-растау кезіндегі басты маңыз беретін нәрсе - әлеуметтік төлемге жүгінген азаматтың өмірінде "кем дегенде бір рет жұмыс істегені".
Ең өкініштісі, қайтыс болған адамдардың, сол секілді шетелге көшіп кеткендердің атынан берілген өтініштер, мысалы, 378 адам осылай өтініш берген. Сондықтан мұның бәрін тексеру керек. 4,9 миллион өтінішті машина, яғни автоматты жүйе тексереді, бірақ соған қарамастан оған да уақыт қажет. Бірақ бүгін біз 1,8 миллион өтінішті қарастырдық, енді қалғаны тезірек кетеді деп ойлаймыз, - деп сендірді министр.