Қарабасын ойлап, бастыққа жағымпаздану да жемқорлықты қолдаудың бір көрсеткіші екендігін белгілі заңгер Айгүл Орынбек меңзеп отыр. Оның ойынша, мәселен бір мекемеде бір адам бастыққа шындықты айтса, бәрі оған өлікке таласқан құзғындай болып, жат-жақтан тарпа бас салатын көрінеді. Осы орайда, заңгер "мың президент ауысып келсе де, халық өзі өзгермей, жүйе өзгермейді" деп кесіп айтты. Бұл ойларын ол, facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Дәрігерлер мен мұғалімдер халыққа өкпелеудің қажеті жоқ! Араларыңызда бір адам шындықты айтса, коллектив болып жабылып, бастықтарыңа жағымпазданып сол шындық айтқан адамның түбіне жететін едіңдер! Мысал ретінде кешегі Меркідегі дәрігерді алсам болады. Өздерің жағымпазданып жасап алған жүйенің нәтижесін көріңдер енді!
"Бізді бай-бағландар, шенеуніктер сыйламайды, солардың шет елге демалып келгені бізге міндеттей" деп жыламай-ақ қойыңыздар! Соларды солай тайраңдатып қойған, мына өздеріңіз! "Сәлеметсіз, артыңызға қалай кірсем болады?" деп жүрген әрбіріңіз! Өз азаматтық ұстанымы жоқ, жемқорлықпен күресе алмайтын қорқақ жағымпаз сатқындардың арқасында осылай болып отыр.
Мен көшеге митингке шық демеймін! Саған қызмет етуге келген басшының артына жағымпазданып кіре бермей, заңды түрде коллектив болып өздеріңе тиесілі дүниелерді осы уақытқа дейін сұрағанда, қазір мәртебелерің биік болатын еді! Ал енді келіп елдің басына күн туғанда, бәрің жүйенің былығын көріп қалыпсыңдар! Бұл жемқорлық, бұл былық биыл ғана пайда болған жоқ!", - деді заңгер.
Сондай-ақ, өткір айтатын Айгүл Орынбек жемқор басшының қылмысын жасырып отыратындарды сынады.
"Бұл өздерің қолдан жасаған жүйе! Президент ауысу керек дейсіңдер ме? Мың президент ауысып келсе де, халық өзі өзгермей, жүйе өзгермейді! Жағымпаздық, сатқындық, артқа кіру, өз қарабасын ойлау бұл жемқорлықты қолдау, қолдан жасау болып табылады! Яғни өз азаматтық пікірін айта алмай жүрген әрбіріңіз ойланыңыздар, мемлекет бір адамнан құралмайды. Мемлекеттің осындай жағдайға жеткеніне әрбіріміз кінәліміз! Жемқор басшының қылмысын жасырып отыра беретін болсаңдар, осылай сорлы болып жүргендерің жүрген! Президентіміз мүмкіндік беріп отыр.
Тағы оқи отырыңыз: «Қарындас қандай мемлекеттік құпияны ашып қойды?»: саясаттанушы ұстаздың «абыройын айрандай төккісі» келгендерге наразы
"Біз естуші мемлекетпіз" деп, сен өз ойыңды ашық айтушы азамат бол! Сол кезде ғана батпаққа батып бара жатқан елді құтқарып қаламыз!", - деді ол.