$ 494.87  520.65  4.91

Cаясаттанушы бюджеттен қыруар қаржы жұмсалатын құрылымдарды жою керектігін айтты

Сатып алу төмендегендіктен, тауар айналымы бәсеңдейді. Адамдардың әлеуметтік деңгейі осыдан төмендей бастайды.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Саясаттанушы Ерлан Сайыров алдағы уақытта экономикалық дағдарыс болуы мүмкін деген пікірде. Оның ойынша, "Астана қаржы орталығының" "бес тиынға" да қажеті жоқ" екен. Қордаланған мәселелерді жайлы желіде ашық жазған саясаттанушы, нәтижесінде, коронавирустан кейінгі әлемге жан-жақты өзгеріс керектігі туралы тұжырымға келді. Ол қазіргі кезде "күні көпбалалы аналардан да төмен" елімізге аты дардай компанияны "бюджеттің масылдары" деп атады, деп Skifnews.kz хабарлайды ақпарат порталы.

"Нәубет жалғыз келмейді. Дүниежүзін, бізді әлі талай сын күтіп тұр. Алда терең, жан-жақты экономикалық дағдарыс болуы ықтимал. Дарғдарыс басталды десе де болады. Біз әлі сезінген жоқпыз. Мамыр айының аяғында сезіле басталуы ықтимал.

Дүкендерде азық-түлікке баға өсіп кетті, теңгенің құны түсіп барады, адамдардың сатып алу қабілеті төмендейді. Сатып алу төмендегендіктен, тауар айналымы бәсеңдейді. Адамдардың әлеуметтік деңгейі осыдан төмендей бастайды. Тоңазытқыштың іші, азық-түлік азайған сайын, адамдардың ашу-ызасы жоғарылай берері анық. Еліміздің әлеуметтік температурасының жоғарылауы осылай басталады. Құқықтық нигилизм артуы ықтимал", - деп өзі атаған мәселелерді шешудің тәсілдерін жіпке тізді.

Мәселен, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясындағы жұмыстарға  жергілікті халықты тарту жайлы ұсынысын жеткізді.

"Не істеу керек?
1) Халықтың сатып алу қабілетін ұстап тұрып, көтеру керек. Бүгінде, мемлекеттің халыққа адресті көмегін жан-жақты жасауы керек. Қоғамдық жұмыстарды көбейтіп, (мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру), мемлекет әртүрлі қызмет түрлерін қазірден ойластырғаны жөн.
2) Ірі құрылыс объектілерін (жалпы халықтық құрылыс) салуға халықтың әртүрлі санаттарын адресті түрде тартуды ұйымдастыру.
3) "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жандандыру үшін елдің түкпір-түкпіріне кабель тарту керек. Неге осындай жұмыстарға жергілікті халықты тартпасқа!?
4) Елімізді газдандыру өте өзекті мәселе. Осындай дағдарыс кезінде ірі инфрақүрылымдылық жобалар азаматтардың ұн-жұрғасын көтеріп, азаматтардың қалтасын толтыруға қабілетті. Елді кешенді газдандырудың халықтық бағдарламасын жасау өзекті.
5) Микро, жанұялық бизнесті дамытуға арзандатылған кредиттер ұйымдастыру өте маңызды.
6) Елімізге пайдасы аз, бюджеттен қыруар қаржы жұмсалатын құрылымдарды жою керек. Мысалы, дәл қазір "Астана" қаржы орталығы "бес тиынға" қажеті жоқ.
7) Самұрық-Қазынаны да трансформациялайтын кез келді. Бұл компанияны бәсеке ортасына тездетіп жіберу керек. Бюджеттің масылдары. Күндері біздің көпбалалы аналардан да төмен.
8) Министрліктер мен ведомстволардың территориялық құрылымдарын қысқарту өзекті. Бюджеттің қыруар бөлігі соларға кететіні белгілі", - деп Facebook парақшасында жазды.

Қоғамдық жұмыстарды қазірден бастап көбейтуге қамдана беру керектігін алға тартқан саясаттанушы, меншік мәселесін де назардан тыс қалдырмады. 

"Еліміздегі меншік мәселесін қайта қарау керек. Бізде халықтың 95-%-ы меншіктен жұрдай, оларды еліміздің қоғамдық игілігінің бір "пұшпағына" ие болуға жағдай жасау керек. Кіші, ұсақ меншік иелерін құрастырып, тәрбиелеу өте маңызды. Онсыз, елімізде әлеуметтік тыныштық, тұрақтылық болмайды. Бұл іс-шаралар бастапқы аспект. Вирустан кейінгі әлеуметтік ландшафты өзгерту өте терең және жан-жақты өзгерістерді талап етеді", - деп бір-ақ тоқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары