$ 444.22  476.38  4.82

«Бұл норма заң жобасына байқаусызда кіріп кеткен»: ауылдықтарды қанаудың бір түрі байқалып қалды

«Көптеген ауылда бір ғана сапалы байланыс – телефон. Қазіргі уақытта оған айына 670 теңге төленеді. Егер бұл тариф 2-3 есе өсер болса, халық оны қалай төлейді?» - деді Мәжіліс төрағасы.
novostipmr.com
novostipmr.com

Мәжіліс депутаттары бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын талқылау кезінде үй телефоны қызметінен субсидиялауды алып тастау туралы нормаға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шынын айту керек, қазір ауылда ғана емес, қалалардың өзінде интернет байланысы нашар. Оны жақында бәріміз де көрдік. Сондықтан қазір көптеген ауылда бір ғана сапалы байланыс – телефон. Қазіргі уақытта оған айына 670 теңге төленеді. Егер бұл тариф 2-3 есе өсер болса, халық оны қалай төлейді? Неге оны ойламайсыздар?» - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осыған байланысты Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов ауылдағы телефон байланысы қымбаттамайынын, себебі республикалық бюджеттің есебінен бұл бағытта алдағы үш жылға 8,5 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.

«Ауылдар үшін телефон қызметі тарифінің қымбаттауына жол берілмейді. Субсидиялау схемасы бұрынғыша қала береді. Жеке мемлекеттік органдар заң жобасын мақұлдау кезінде ауылдық елдімекендер бойынша байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін ұсыныстарын берген. Сол кезде бұл норма заң жобасына байқаусызда кіріп кеткен секілді. Дау тудыратын норма екенін сезіп, заң жобасынан алып тастау керектігін ұсынамыз», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары