Еске сала кетсек, бұған дейін түркістандық 6 баланың анасы Алматы қаласына барып, сайран салып жүргені туралы жазған болатынбыз. Ол жөнінде журналист Гүлмира Әбіқай мен заңгер Камиша Есмұхамбетқызы facebook парақшаларына жазып, назарда ұстап отырды. Енді екеуінің сол мәселені біржақты еткенін көріп отырмыз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдымен әріптесіміздің жазбасын назарларыңызға ұсынсақ, ол тақырыбын «6 баладан безген ана жайлы толығырақ» деп аталады.
«Бәйдібек ауданының тұрғыны Гүлзат Төлегенованың Саятпен отасқанына – 14 жыл. Арада 6 бала бар. Үлкені – 11-де, кішісі 1-ге жаңа толды. 26.02. келіншек ұшты-күйлі жоғалды. Күйеуі полицияға арыз берді. Полиция Гүлзаттың Алматыда екенін айтады. Содан бері екі ай отбасын, баланы ұмытып, сауық-сайран салып жүр.
12 күннен бері әйелін іздеп Алматыға келген Саят менен көмек сұрап хабарласты. «Анамызды тауып беріңізші!» - деп жылаған 6 баланың өтінішін жерге тастай алмадық. Саяттың ойынша, Гүлзатты біреулер мәжбүрлеп жезөкшелікке тартып жүр. Сөйткен Гүлзатымыз дін-аман. Тіпті, инстаграмнан тікелей эфирге шығып, билеп, әндетіп жүр.
21.04. Алматы. Шаңырақ-2 ықшам ауданы. Сағат 13:00. Біз келгенде біресе бөлесімін, біресе құрбысымын деген 3 әйел Гүлзатқа жабылып ұрып жатыр екен. Былығы мен қылығы көп Гүлзат жатқан жерін қарызға батырыпты. Тірідей жібермейміз деген үшеу оның ұялы телефонын тартып алды. Ал күйеуі ше? Күйеуі байғұс әйелін әлгі үшеуден қызғыштай қорып, құшағымен жауып тұр.
13:30. Оқиға орнына заңгер Камиша келді. 13:35-те біздің өтінішімізбен Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Исатай Дәріқұлов, УПИ аға лейтенанты Нұржан Борасынбаев және ювеналдық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы, майор Алтын Қызжанова келді.
Ары қарай не болды, заңгер-репортер Кәмшаттың түсірілімін көріңіздер! Карантиндегі журналистің өтінішіне шұғыл реакция танытып, бұл мәселеге араласқан Тәймерденов басқарған Алматы полициясына респект.
ЕСКЕРТУ: Айналайын, қызық қуған келіншектер! Баладан безіп, Алматыға ағылмаңдаршы! Бәрібір кейін қайтарамыз» деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Ал оқиға орнынан виде түсірген заңгер былай дейді:
«Экшн былай басталады, кеше Гульмира Абықайдың парақшасында анасын іздеп, сағынғанын бейнетаспа арқылы жеткізген жасөспірімдердің жанайқайын көрдік, жыладық, егілдік. Қашқын әйелдің күйеуі Түркістан облысы Байдібек аудандық полиция бөліміне жұбайының жоғалғаны туралы арызданады. Ол жердегі полициялар әйелінің Алматы қаласы Жетісу ауданындағы мекен жайда жүргенін анықтап, Алматы қаласына жолдайды.
Мелодрамма осы жерде басталады. Қашқын ана өмір көрмегендіктен, ессіз есіруіне тағдыры жетеледі. Не көрді дейсіз, ерте күйеуге шыққан болса?! Алайда, бұл алты баланы тастап кетуге себеп емес.
Сонымен, Алматы қаласына келген күйеуі бірден Жетісу аудандық полицияға арыз жазады. Сол күйі Жетісу аудандық полициялары жұбайын тауып, түсніктеме алады. Ол түсініктемеде қайтпайтындығын әрі жеңіл жүріске салынып кеткенін айтып, әйелдің мекен жайын айтпайды. Себебі, ересек адам, өзінің еркін жүруіне құқығы бар, оны мәжбүрлеп үйіне қайтару мүмкін емес.
Амалы таусылған Саят және балалар журналист Гульмира Абыкай көмек сұраған соң, бүгін Гүлекемнің өтінішімен, Алатау аудандық Полиция басқармасының полицияларымен бірге қашқын ананың Жетісу ауданында емес, Алатау ауданында жүргені анықталып, ұстадық. Заңға сәйкес жауапқа тартық...».
Тағы оқи отырыңыз: «Біреу балаға зар, біреу далаға зар»: Алматыда 6 баланың анасы жеңіл жүріске салынып жүр
Ал заң бойынша кінәлі деп деп танылған көпбалалы анамен заңгердің жасаған видеосұхбаттары төмендегі сілтемеде.