Бас қаланың сақтандыру қорында тек ұн мен қант қалды. Қалған әлеуметтік маңызы бар тауардың барлығы сатылып кеткен, деп хабарлайды Atameken Business.
Арнаға сұхбат берген «Астана» корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік департаментінің басшысы Ризагүл Муслимова, жыл басынан бері қоймаларда 7 мың тонна азық-түліктің болғанын айтады. Ал қазір болса, 4 мың тонна ұн мен 1200 тонна қант бар. Маман қалған өнім жыл соңына дейін жетеді деп сендірді.
Бұдан бөлек, корпорация кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуде. Несиелеу жергілікті бюджеттен 0,01%-бен беріліп жатыр. Қаладағы екі ірі кәсіпорын қарыз алып үлгеріпті. Олар: «Мир круп» – 245 миллион теңге көлемінде және «Айқын сапа» – 208 миллион теңге.