$ 494.87  520.65  4.91

Министр әртістердің де әлеуметтік көмек алуға құқылы екендігін айтты

Елімізде əлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тегін азық-түлік жəне коммуналдық төлемі15 мың теңгеден берілмек.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, күнделікті табысынан айырылған əртістер мемлекет тарапынан берілетін көмек алуға құқылы. Бірақ, осы саладағы құзырлы орган ретінде Мəдениет министрлігіне əртістер мен əншілер, тамадалар тарапынан ешқандай өтініш айтылмаған Аzattyq-ruhy.kz.

«Бүгінге дейін əртүрлі өнер саласындағы адамдардан шағым түскен жоқ. Бірақ, егер əртістер күнделікті табысынан айырылған болса, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын əнші, кəсіпкер Айбек Жансейітов (көпшілік оны Бүркіт деп таниды – авт.) Президенттің атына халық атынан бейнеүндеу жасап, карантинді жеңілдетуді сұраған еді.

Бүркіттің айтуынша, Қазақстандағы дəрігерлер коронавирус инфекциясын тез анықтауды үйренген, сондықтан карантинді​ жеңілдетуге болады. «Карантинді жеңілдетпесе, табысынан айрылған халық коронавирустан емес, аштан өледі» деді әнші 2,6 млн оқырманына. 

Қазақстан Үкіметі төтенше жағдайға кезінде табысынан, жұмысынан айрылған адамдарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек беруді бастады. Бүгінге дейін бұл көмек 3,6 млн-нан астам адамға тағайындалды. Сондай-ақ елімізде əлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тегін азық-түлік жəне коммуналдық төлемі15 мың теңгеден берілмек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары