26.04.2020, 06:28

Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан 42500 теңге қолдауға шын ниетіммен қуандым - жұмыссыз қалған келіншек

Мұндай көмек көрсетілмесе қайтер едік?

Айсара Жүсіпбекова:

— Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан 42500 теңге қолдауға шын ниетіммен қуандым. Алғашында қалай болар екен деп күмәнданғаным да рас еді. Отбасында өзім де, жолдасым да жұмыссыз отырмыз. Кезінде жұмыс істегенмін, біраз уақыттан бері денсаулығыма байланысты үй шаруашылығымен ғана айналысып отырмын. Жолдасым көлік жүргізуші болып, шәй пұл тауып келетін. Мынадай жағдайда үйде отырған жандарға бұл үлкен көмек болды. Мұндай көмек көрсетілмесе қайтер едік? Өзімнің атымнан, отбасымның атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Жақсы күндерге жетейік!