$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да батаға жиналған 30 адам карантинге жабылды

Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға, салт-дәстүр және өзге де халық көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруға шақырады.

Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында батаға жиналған 30 адам карантинге жабылды. Үй иесіне қатысты сот әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша қаулы шығарды – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстағы ақпарат орталығының ақпаратыншы, батаға жиналғандардың ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жергілікті тұрғын да болған.

"Жиналған 30 адам үйлеріне карантинге жабылды. Вирус анықталған адамның үйінің маңайы толық дезинфекцияланды. Адамдарды тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр", – деп жазылған ақпаратта.

Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға, салт-дәстүр және өзге де халық көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруға шақырады. Бұл шектеулер тұрғындардың қауіпсіздігі, вирустың таралмауы үшін қойылғанын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин