$ 494.87  520.65  4.91

16 наурыздан бері 16 мың адам: елімізде карантин тәртібін бұзғандар түгел қамауға алынған

«Олардың 12 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 мыңнан астам материал сот өндірісінде», - деді Дәурен Абаев.
фото: rtp-news.com
фото: rtp-news.com

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мың адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақарат порталы.

«Олардың 12 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 мыңнан астам материал сот өндірісінде», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрлігінің байланыс тұлғаларын табу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Денсаулық сақтау органдарының өтініші бойынша, полиция 6,5 мыңнан астам адамның тұратын жерін анықтады. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары тек 7 адамға жүргізілуде», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары