$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында тұрғындар ауылдар арасына блокбекеттерді өз күштерімен орнатуда

Қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елді мекендері эстафета түрінде жалғастыруда.
фото: otyrar.kz
фото: otyrar.kz

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғындары елді мекендер арасына өз күштерімен блокпосттар орнатып жатыр. Ауыл азаматтары осылайша қауіпсіздік шараларын қолға алып, коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмауға атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ауыл белсенділері мен ерікті жастар атсалысуда. Жергілікті билікпен келісе отырып ұйымдастырылған бекеттерде тұрғындар елді мекендерге кіріп-шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Олардың аты-жөндерін жазып, тізіммен тіркеуге алуда.

Сондай-ақ, әрбір азаматқа себепсіз үйден шықпауға, барлық жерде жеке бас тазалығын ұстануға кеңес беріп, карантин режимін қатаң сақтау керектігін ескертуде. Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елді мекендері эстафета түрінде жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары