$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбедегі ХҚКО-да шыққан у-шуға полиция шақыруға тура келген

«Орталыққа келген адамдар сақтық үшін арақашықтықты сақтасын деп белгілерді орнатып қойдық. Бірақ, тұрғындар оны да елер емес», - дейді ХҚКО-ның бөлім басшысы.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ақтөбеде тұрғындар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шу шығарды. Бір айға жуық карантиннен соң жаңа ашылған мекемеге жүздеген адам лап қойған. Оларды тәртіпке келтіру үшін полиция қызметкерелерін шақыртуға тура келіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тәртіп сақшылары қақпа алдына жиналғандарға қауіпті дерт туралы ескерткенімен, ешкімнің жан-жаққа тарағысы жоқ. Облыстағы штаб өкілдері карантин тәртібін жеңілдетіп, кеше біраз мекемелердің жұмыс істеуіне рұқсат берген еді. Олардың қатарында халыққа қызмет көрсететін орталық та бар. Мұнда тек автокөлік құжаттарына қатысы рәсімдер жасалады.

Ал ғимарат ауласы мен кеңсе ішінде сақтық үшін сызықты бойлай жүру керек. Бірақ, қақпа алдында ондай тәртіп мүлдем жоқ. Сондықтан кезегін күткендер аулаға бірінші болып кіруге таласып, бірін-бірі итеріскен.

«Орталыққа келген адамдар сақтық үшін арақашықтықты сақтасын деп белгілерді орнатып қойдық. Бірақ, тұрғындар оны да елер емес. Өзара дау тудырып, таласып жатыр. Сол үшін амалсыз полиция қызметкерлерін шақырдық», - дейді Ақтөбе облыстық мамандандырылған ХҚКО-ның бөлім басшысы Аслан Оразов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары