$ 494.87  520.65  4.91

«Өтірік айтуды доғарыңыз!»: танымал адвокат Дулат Ағаділдің әйелімен жұмыс істеуден бас тартты

Ағаділдің анасы маған қоңырау шалып, кей кездері видео жіберіп, оны жариялауды өтініп отырады.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Уақытша тергеу изоляторында бақилық болған қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қазасы жайлы дау әлі жалғасуда. Алғашында белсендінің анасы мен әйелі бір адвокатпен жұмыс істеуге келісе алмаған болатын. Ал енді істі өз қарамағына алған отбасының адвокаты Айман Омарова марқұмның әйелімен жұмыс істемеймін деп отыр. Істің қалай өрбіп жатқаны туралы Stan.kz хабарлайды.

Дулат Ағаділдің жары Гүлнәр Қасымханованың сөзіне сүйенсек, алғашында олар Бауыржан Азановтан көмек сұраған. Алайда біраз уақыттан кейін Ағаділдің анасы отбасының адвокаты ретінді Айман Омарованы таңдауды жөн көріпті. 

"Айман Омарова бір істі бір ғана адвокат жүргізуі керек, "мен боламын" деген соң Азановтың көмегінен бас тартуға тура келді. Біз Азановпен ешқандай да дау-дамайсыз сөйлестік, ұрыс-керіс болған жоқ. 28 сәуір күні одан күйеуімнің өліміне қатысты құжаттарды беруді сұрадым. Бірақ әлі ешнәрсе қолыма тимеді. Сол күні Омаровадан да тексеру ісі қалай жүріп жатқанын сұрап жазған болатынмын. Алғашында ол құжаттарды беремін деп келісті. Бірақ төрт күннен кейін қайта хабарласып, қорғаушыдан тиісті қағаздарды сұрағанымда оларды үзілді-кесілді беруден бас тартты", - дейді марқұмның әйелі. 

Бұған себеп әйелдің марқұм күйеуі айтқан құқық қорғаушы ұйымдарға көмек сұрауы көрінеді. 

"Мен Халықаралық қазақстандық адам құқығы жөнідегі бюроның заңгері Евгений Жовтис пен "Ашық диалог" қорымен келісімге отырдым. Бірақ мұны естіген Омарова неге екенін белгісіз ашуланып қалды. Ол енді құжаттарды бермеймін деп отыр. Адвокатымыздың бұл қылығына жағамды ұстадым деп айтуға болады", - деп қосты ол. 

Бұған қоса Гүлнәр Қасымханова заңгердің отбасымен ақылдаспай әлеуметтік желіде олардың атынан үндеу жасап жатқанын алға тартты. Сонымен қатар ол баласының тергеуге шақыртылып жатқанын жеткізді. 

Өз кезегінде Айман Омарова Дулат Ағаділдің әйелінің бұл сөздерін "жала жабу" деп айыптады. Сөзінше, белсендінің жары осылай жазып, қоғамды алдап отыр екен. Бұған қоса ол, Қасымованы "іске мүлдем қызығушылық танытқан жоқ" деп айыптады. Омарованың сөзінше, 28 сәуірге дейін белсендінің әйелі оған хабарласпаған. 

"Мен ешқандай құжатты беремін демедім. Ол өзі қандай құжат туралы айтып жатқанын біле ме? Бұған түсінер алар емеспін. Гүлбараш апай маған күнде хабарласып тұрады. Мына жазбаны Гүлнәр жазған жоқ. Себебі ол, маған хабарласқан кезде екі сөзді қосып, дұрыс сұрақ қоя алмай тұрды. Ағаділдің әйелі менімен келісімшарт жасаған жоқ. Сол себепті мен оның алдында ешнәрсеге міндетті емеспін. Мен ол айтқан адамдардың әрбіріне жүгіріп барып жүретін уақытым жоқ", - дейді Омарова. 

фото: bilimdinews.kz

Сондай-ақ ол неліктен "Ашық диалог" қорының өкілдерімен байланыс орнатқысы келмейтінін ашып салды. 

"Бұл ұйымдағылар Әбілязовтың мүддесін қолдауда. Іс жайлы біз ешнәрсе білмейміз дейді Ағаділдің әйелі. Біз деп ол кімді айтып отыр? Ағаділдің анасы маған қоңырау шалып, кей кездері видео жіберіп, оны жариялауды өтініп отырады. Қажет кезде сұрақ қойып жатыр. Мұның бәрі ақысыз түрде. Басқа адвокат жалдағысы келмейді", - деді ол. 

Ол Ағаділдің жарын Нұр-Сұлтанда бола тұра қол қусырып жатыр деп сөкті. 

"Мен ТЖ байланысты Алматыдан шыға алмаймын, Ағаділдің анасы елорданың сыртында. Ал сіз Нұр-Сұлтанның өзіндесің ғой. Неге құзырлы органдарға барып, істің ақ-қарасын анықтағыңыз келмейді? Сіздің бір емес екі адвокатыңыз бар, "Ашық диалог" қорымен солар жұмыс істесін. 

Құрметті Қасымханова! Сіздің көксегеніңіз не екенін білмедім. Бірақ өтірік айтуды доғарыңыз дегім келеді. Сіз ешқашан бұл іске қызықпадыңыз, енді келіп, мені халыққа жаман атты қылып отырсыз. Сіз, тіпті, жақын арада сот болғанын білмейсіз де. Оған мен және Ағаділдің анасы қатысты. Мен сіздің алдыңызда міндетті емеспін. Сіз мені жалдаған жоқсыз. Өзіңіздің не қалап отырғаңызды ашып алсаңыз игі болар еді", - деді Омарова.  

Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі Дулат Ағаділ 25 ақпан күні уақытша тергеу изоляторында қайтыс болғаны туралы айтылған болатын. Ресми деректерге сүйенсек, ол жүрек ауруынан көз жұмған. Қазіргі таңда тергеу шаралары әлі де жалғасуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары