$ 448.15  483.46  4.86

Қордайлық дүнгендер Мақтарал ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізді

Керуенді бастап келген Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс БуларовТұтас Қазақстан жұртшылығы бір халық ретінде жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал жоқ екенін айтты.
фото: dknews.kz
фото: dknews.kz

Мақтарал ауданына Жамбыл облысының Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

«Бес миллион теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. Атап айтсақ, 11 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон, 1500 литр өсімдік майы, 5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1000 қорап шәй және жууға арналған тазалық заттарын қосқанда, жалпы 30 тоннаға жуық тауар жеткізілді», - дейді Түркістан облысының әкімдігі.

Керуенді бастап келген Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс БуларовТұтас Қазақстан жұртшылығы бір халық ретінде жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал жоқ екенін айтты.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Тәжібаев қиын кезеңде жанашырлық танытып, ыстық ықыласын ала келген қордайлықтарға алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары