"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы банк басқармаасының төрағасы Ляззат Ибрагимова айтып берді.
несие мөлшерлемесі - 5 пайыз; алғашқы жарна - 10 пайыздан; несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін.
"Пилоттық жобаның қатысушысы әкімдікте баспанаға мәжбүр қазақстандықтардың тізімінде тұруы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезекте 540 мың адам тұр, олардың ішінде: 212,5 мыңы - мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер; толық емес отбасы санатындағылар - 120,5 мың адам, жетім балалар - 60,8 мың, көпбалалы отбасылар - 47,8 мың мүгедек балалары бар отбасылар - 21,1 мың адам, зейнеткерлер - 18 мың және тағы басқа санаттағы 16 мың адам бар", - деді Ибрагимова.
Банк басқармасының төрағасы несиенің максимал сомасы әр өңірге байланысты:
Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың шет аумақтарының тұрғындары үшін 18 миллион теңгеден аспайды;
Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары үшін 15 миллион теңгеден аспайды;
Қалған өңірлер үшін 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Ибрагимова бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер тек жылдың соңына қарай берілетінін айтты.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда жаңа "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны хабарланған еді. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр.