$ 443.85  474.3  4.8

Ертеңнен бастап елордалық автобустардың жартылай бос болуы қадағаланады

«Кеше-бүгін мониторинг жүргіздік. Жай уақытта автобустар 15 пайыз толы болса, таңғы және кешкі уақытта күрт өседі екен», - дейді CTS компаниясы басқарма төрағасының орынбасары.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Ертеңнен бастап елордада қоғамдық көліктің жолаушыларға лық толы болуына бақылау жүргізіледі. Бұл жайында CTS компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 мамырдан бастап қоғамдық көлік қозғалысы жанданды. Қазір барлық қалалық бағыттар жүріп тұр. Қала маңы бағыттары бойынша қосымша хабарланады. Жолаушылар жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлейді. Ақшалай төлем жасай алмайды. Жолаушыларға қойылатын талап – маска тағу. Мұнан бөлек, автобус ішін жолаушылармен толтыруға қатысты талап бар. Автобус іші 50 пайыз ғана толық болуы керек», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жолаушыларды жүргізушінің өзі қадағалап отыруы үшін кіру тек алдыңғы есік, ал шығу ортаңғы және артқы есіктер арқылы болады.

«Кеше-бүгін мониторинг жүргіздік. Жай уақытта автобустар 15 пайыз толы болса, таңғы және кешкі уақытта күрт өседі екен. Біз өз кезегінде қатынау ыңғайлы болу үшін автобустардың жүру арақашықтығын бақылаймыз. Бірақ, ертеңнен бастап жүргізушілермен қатар, Көліктік бақылау департаменті тарапынан да автобустардағы жолаушылардың толуына қатысты қадағалау күшейтіледі», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары