$ 495.2  522.34  4.94

«Жығылғанға – жұдырық»: Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан 60 үйді су басты

Тұрғындар эвакуацияланып, 150-ге жуығы туысқандарының үйлеріне көшірілді.

Су қазір Толеби ауданынан Елтай елді мекеніне келіп жеткен. Салдарынан 60 тұрғын үйдің ауласын су басып, 3 шаруашылық нысан қирады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Су сору жұмыстарына ТЖД күштері жұмылдырылды. Атап айтқанда, апат салдарын жоюға 57 қызметкер және 14 техника бірлігі кіріскен. Олар арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол сәтте 60 үйдің тұрғындары эвакуацияланып, 150-ге жуық тұрғын туысқандарына көшірілді.

Қалғандары Тоғыс елді мекенінде орналасқан №120, №119 орта мектептерде ұйымдастырылған эвакуациялық жиналу пунктеріне эвакуациялануда. Апаттан жарақаттанғандар мен қаза тапқандар жоқ.

Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 сантиметрге жетті. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су #Түркістан