Әлеумет 14.05.2020 сағат 04:56

«Анамның мазасын алмаңыз!»: Дулат Ағаділдің қарындасы Айман Омароваға ВИДЕОүндеу жолдады

«Сіз биліктегілердің емес, қорғалушы азаматтың құқығын қорғауыңыз керек. Артық сөйлеудің керегі жоқ. Өмір алда, әлі талай кездесеміз», - деді Жанар Бейсенбаева.
«Анамның мазасын алмаңыз!»: Дулат Ағаділдің қарындасы Айман Омароваға ВИДЕОүндеу жолдады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қоғам белсендісі, ресми дерек бойынша тергеу изоляторында жүрек талмасынан қайтыс болды делінген Дулат Ағаділдің қарындасы Жанар Бейсенбаева адвокат Айман Омароваға видеоүндеу жолдады.

Бірнеше күн бұрын Ағаділ ісі бойынша марқұм отбасының адвокаты болған Омарова өзінің бұл істен бас тартатынын мәлімдеген. Дулат Ағаділдің қарындасы видеоүндеуде Айман Омаровадан көңілі қалғанын айтты.

«Айман Омарованың менің отбасыма, соның ішінде жеңгем Гүлнарға дөрекі сөйлегені менің жаныма батты. Айман Омарова, осы кезге дейін сіздің бір ісіңізге араласып, сөзіңізге жағаласқанымыз жоқ. Өзіңіз бір эфиріңізде «маған хабарласып, мазамды алмаңыздар» деп айттыңыз. Сол себепті, біз үндемедік. Сіз тек анаммен сөйлесіп отырдыңыз. Бірақ анама не істеп, не айту керектігіне дейін айтып отырдыңыз.

Мұның барлығын білеміз, хабардармыз және түсіністікпен қараймыз. Дегенмен, отбасымыздың арасына іріткі салудың қажеті жоқ. Сіз арандатты екен деп, біз өз арамызда ұрысып қалмаймыз. Бұған дейін ұрысып, жаға жыртысып көрмедік, бұдан кейін де ондай жағдай болмайды. Мен Дулаттың отбасын ренжітуге жол бермеймін. Дулаттың әйеліне қалай қайғыру керектігін сіз үйретпей-ақ қойыңыз.

Күні кеше күйеуінен айырылған адам эфирге қалай шығады? Өзі енді ғана есін жиып жатыр. Сізге оңай көрінген шығар, бірақ, жеңгеме оңай болмады. 26 жыл отасқан күйеуінен айырылу оңай дейсіз бе? Біз сізден ештеңе сұрамадық, талап етпедік. Осыған дейін үндемедік. Бірақ, белсенділер араласа бастағанда, сіздің кім үшін жұмыс істейтініңіз белгілі болды. Әлде, сіз Дулаттың белсенді екенін білмедіңіз бе?

Дулаттың белсенді азамат болғаны барлық құжатта көрсетілген. Тіпті, құжаттардың бірінде «Дулат Ағаділ ҚДТ-ның пікірін қолдайды» деп анық жазылған. Осы кезге дейін үндемей, енді эфирге шығып жатыр демеңіз. Менің шыдамым таусылды. Сізден көңіліміз қалды. Анама хабарласып, мазасын алмаңыз.

Осыған дейінгі эфирлеріңізде нақты ештеңе айтылмады. Артық сұрақ қойғандарды бұғаттай бастадыңыз. Менің де сұрағымды жауапсыз қалдырдыңыз. Сіз биліктегілердің емес, қорғалушы азаматтың құқығын қорғауыңыз керек. Артық сөйлеудің керегі жоқ. Өмір алда, әлі талай кездесеміз», - деді Жанар Бейсенбаева.

Тағы оқи отырыңыз: «Өтірік айтуды доғарыңыз!»: танымал адвокат Дулат Ағаділдің әйелімен жұмыс істеуден бас тартты

Бұған дейін адвокат Айман Омарова белсенді Дулат Ағаділдің ісінен бас тарту себебін Ағаділдің өлімін саяси топтар өз мүддесіне пайдаланбақ болғанымен түсіндірген болатын.

Дереккөз: qamshy.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар