Мысалы, химия-экология бағытында зерттеу жүргізетін компания уақытқа тез бейімделіп, елге көмегін тигізіп жүр. Қазір мұндағы мамандар дезинфекциялық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қарағандыдағы қазандықтар мен пеш шығаратын бұл зауыт карантин кезінде «тіршілікті қамтамасыз ету» бағыты бойынша өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Талапқа сай, ауданы 17 мың шаршы метр жұмыс орны зарарсыздандырылып отырды. Бұл жұмыстарды тек бір мәрте жүргізу үшін кәсіпорын бюджетінен шамамен жарты миллион теңге қаржы кеткен.
«Бұл жұмсалған қаржы өзін ақтады. Қызметкерлеріміздің денсаулығы бірінші орында. Бізде штаттық 100-ге жуық жұмысшы бар. Төтенше жағдай алынып тасталғанымен, дезинфекциялау жұмыстары әлі де жалғасуда», - дейді кәсіпкер Олеся Полевцова.
Эпидемиолог дәрігер Біржан Қамидолдинов өзі жасап шыққан зарарсыздандырғыш сұйықтықтың пайдасы мол дейді. Мысалы, сол 17 мың шаршы метр кәсіпорынға 20 литр сұйықтықпен 300-ге жуық құрамында хлор қосылған дәрі тектес қоспа пайдаланған.
«Біз жасаған сұйықтық екі-үш метр жердегі вирусты түгел жойып отырады», - дейді эпидемиолог дәрігер Біржан Қамимолдинов. Бұл кәсіпорын ауа, топырақ, судан сынамалар алумен айналысатын. Алайда, карантин кезінде кәсіпорын жұмысына сұраныс болмай, қызметкерлерді қысқартуға тура келген.
Алайда, 60-қа жуық арнайы бүріккіш құрылғылар алынып, тиісті қорғаныш киімін сатып алған мекеме мамандарды қайта оқытып, жаңа бағытқа дереу бейімделді. Енді олар зарарсыздандыру жұмыстарымен айналысады.
«Уақытша болса да кем дегенде 70 процентін қысқарту керек еді. Осы жаңа бағытты игеріп, барлық жұмыс орындарын сақтап қалдық. Осы 2-3 айда толық жұмыспен қамтылып отырды», - дейді инжинирингтік қызмет көрсету жөніндегі компанияның директоры Ернар Мұқанғалиев.
Компания өкілдері «Біз біргеміз» науқаны аясында Қарағандыдағы жалпы ауданы 400 мың шаршы метрге тең келетін бірнеше ірі көшемен саябақты тегін зарарсыздандырған. Мысалы, осы Қарағанды қаласын алсақ, карантин кезінде тек арнайы сұйықтық жасауға 20 млн теңге қаражат бөлінген.
Тағы оқи отырыңыз: Алматы облысының кей тұрғыны карантин кезінде жаңа кәсіпті меңгерген
Себебі, санитарлық дәрігердің қаулысына сай адам көп шоғырланатын вокзал, аялдама, балалар алаңқайының маңында тәулігіне бір мәрте тазарту-жуу жұмыстары жүргізілуі тиіс көрінеді.