"Білу – бөлек, түсіну – басқа.
Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім...
Бірінші, ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол – ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.
Екінші, халқымыздың "басты байлық – денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.
Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық – қолға ұстаған мұз, Бақыт – басқа қонған құс, Бала – артта қалар із, бұл өмірдің қызығы – Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.
Тағы оқи отырыңыз: Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті
Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді.
Бар болыңыздар!", - деп Бейсен Құранбек facebook парақшасында соңғы рет 2019 жылдың 9 желтоқсанында жазба қалдырыпты.