18.05.2020, 12:20

«Ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім» - Бейсен Құранбектің соңғы жазбасы

фото: inform.kz
Менің ешқандай "заслугам" жоқ, туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді.

"Білу – бөлек, түсіну – басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім...

Бірінші, ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол – ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.

Екінші, халқымыздың "басты байлық – денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық – қолға ұстаған мұз, Бақыт – басқа қонған құс, Бала – артта қалар із, бұл өмірдің қызығы – Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.

Тағы оқи отырыңыз: Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті

Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді.

Бар болыңыздар!", - деп Бейсен Құранбек facebook парақшасында соңғы рет 2019 жылдың 9 желтоқсанында жазба қалдырыпты.