$ 494.87  520.65  4.91

«Жиған-тергеніміз таусылды»: ақтөбелік саудагерлер де биліктен жұмысқа шығаруды талап етті

Алайда, облыста 228 адам коронавирусқа шалдыққан. Осыған алаңдаған санитар дәрігерлер карантин режимі жалғасуы мүмкін екенін жеткізді.

Ақтөбеде автобөлшек сататын жабық базардың саудагерлері карантинге қарсы шығып отыр. Екі айдан астам уақыт жұмыссыз отырғандар күнкөріс қиындағанын айтуда. Көпшілік мойындарында несиелері бар екенін жеткізді. Қарызданып, қауғаланып шаршаған олар, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бұл жабық базарда жүзден астам адам автобөлшектерін сатып, нәпақасын тауып отыр. Базыналы жұрт несие алқымдағаны өз алдына, күнделікті көнкөрісіміз де қиындады деседі.

«Ақшамыз жоқ. Балаларымыз кішкентай. Оларға азық тауып беруіміз керек. Жиған-тергеніміз таусылды. Маған 42 мың 500 теңге төлемейді. Коммуналдық төлемдер де қысып жатыр. Жағдай қиын», - дейді жабық базардың саудагері Алман Есмырза.

Ал оның әріптесі Ералы Бержанов өздерінің мемлекет көмегінсіз нәпақа тауып, несиеге белшеден қарыз болып қалғандарын жеткізді. Айтуынша, базар мамырдың басында ашылып, екі күннен кейін қайта жабылып қалған. Осы орайда, оның себебін базар әкімшілігі түсіндіріп өтті.

«Бесі күні ашылдық. Бірақ, ертеңіне атқарушы билік өкілдері мен СЭС-тің мамандары келіп, бізге қаулы берді. Онда біздің базардың сыйымдылығы 500 метрден асатын болғандықтан, жұмыс істеуге рұқсат жоқ деді. Сосын қайта жабылды», - дейді автобөлшектер жабық базарының әкімшісі Ирина Моисейченко.

Негізі облыста коронавирусқа шалдыққандар санының күн санап өсіп, бүгінде 228 жағдай ресми тіркелген. Осыған алаңдаған санитар дәрігерлер карантин режимі жалғасуы мүмкін екенін жасырмайды.

«Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, егер бізде ауру жағдайы 7 пайыздан аспаса, 18 мамырдан бастап ашылу керек болатын. Осы 20-аптада ауру 27 пайыздан асуына байланысты, оны кейінге қалдырып отырмыз. Қазір енді қарап отырамыз. Соңғы апталарда қалай болмақ. Ашу содан кейін жоспарланады», - дейді облыстық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ҚБ департаментінің бөлім басшысы Айсәуле Оралбаева.

Жалпы, өңірде аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын сауда орындары, балалар кабинеттері, үйірмелер, шаштараздар мен сұлулық салондары, тіпті, туристік агенттіктер мен автосервистер жұмысын бастаған.

Тағы оқи отырыңыз: «1,5 айға төлегенбіз, ақшасы әлі ақталған жоқ»: Елордада орталық базар сатушылары наразылыққа шықты

Еске сала кетсек, осыдан бір күн бұрын Ақтөбеде киім-кешек сататын базарлардың саудагерлері бас көтерген еді. Олар да жұмысқа шығуға рұқсат етуді талап етті. Бұл ұсыныстардың барлығы енді арнайы штабта қаралмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары