Қамаудағы атыраулық белсенді Макс Боқаев Жанболат Мамайға хабарласып, өзіне қарсы арандату әрекеті дайындалып жатқанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанболат Мамай екеуінің арасындағы диалогты Facebook-парақшасына жариялады.
"Макс Боқаев қоңырау шалып, оған қатысты арандату дайындалып жатқанын хабарлады. Түрме бақылаушысы менің қасымдағы жігіттерге қарсы арыз жазғанымды айтыпты. Олар маған қарсы арандатушылық әрекет дайындалып жатқанын ескертті. Макстың өтініші бойынша оның үндеуін жариялап отырмын. Барлығыңызды батырымызды қолдауға шақырамын!", - делінген жазбада.