Әлеумет 22.05.2020 сағат 02:45

«Бәрінен бұрын неге қаттырақ өкінесіз?»: адам қартайғанда көбіне не үшін «әттеген-ай» дейтіні анықталды

Бірде-бір адам көлігі, айфоны, қымбат туфлиі болмағанға өкініш білдірмеген...
«Бәрінен бұрын неге қаттырақ өкінесіз?»: адам қартайғанда көбіне не үшін «әттеген-ай» дейтіні анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Режиссер Диас Әзімжан facebook парақшасына адам қартайғанда негізінен төрт нәрсеге қатты өкінетінін жазды. Бұл ретте, ол әлемдік тәжірибедегі сауалнаманың рейтингіне сүйеніп отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түрлі елдерде ауық-ауық өкініш рейтингі жасалып тұрады. 70, 80, 90 жастағы адамдардан өмірінің соңында «Бәрінен бұрын неге қаттырақ өкінесіз?» деп сұралады. Ұзақ жылғы сауалнама барысында адамдардың басым көпшілігі төрт жағдайда өкінетіні байқалған.

1. Сұралғандардың дені өмірін өзіне ұнамайтын жұмысқа арнағаны үшін өкінетінін айтқан. Олардың сүйікті іспен шұғылдануына бағдарсыздық пен сенімсіздік кедергі келдіріпті.

2. Жауап берушілердің біразы жақындарына аз уақыт бөлгеніне өкініш білдірген. Бұл жандар сүйікті адамдарына көңіл мен қамқорлықтың ең қажетті кезінде жандарынан табыла алмағынына бола өзіне ренжулі.

3. Одан кейінгі сатыда өзінің тәніне немқұрайлы қарағаны үшін өкінетіндер жайғасқан (дұрыс тамақтанбау, спортпен шұғылданбау, алкоголь, шылым секілді зиянды әдетке үйір болу).

4. Төрттікті әлемді аралай алмағаны үшін, саяхатқа шықпағаны үшін өкінетіндер қорытындылап тұр.

P.S. Бірде-бір адам көлігі, айфоны, қымбат туфлиі болмағанға өкініш білдірмеген. Бірде-бір адам «түнгі клубқа жиі бара алмадым», «бос мылжыңдай алмадым» демейді. Барлығының өкінетіні бір ғана нәрсе – өзі қалағандай өмір сүруге батылының жетпеуі», - дейді Диас Әзімжан.

Ал сіз қазір не үшін өкініп жүрсіз?

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар