Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 110 жол нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Яғни облыс бюджетінен 513,6 шақырым жол мен 17 жасанды имаратқа құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек.
Сонымен қатар, бюджетті тиімді пайдалану үшін концессия жолымен ұзындығы 48 шақырымдық «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс жаңа айналма жолының құрылыс» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылы облыста 69 жол нысанның құрылыс жұмыстарына 15,1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 420,4 шақырым жолдың және 7 жасанды имараттың құрылысы жүргізілген болатын. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 19 жол, 1 көпір жөндеу жұмыстарынан өтіп, 8 жол мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал қала және аудан көлемінде 49 нысанда яғни, 250 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері пайдалануға берілді.
Айта кететін бір жайт, 2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн. теңге қаржы үнемделген.
Серғали БАЛАЖАН