Елордадағы проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлері "артық қаражат төлеуге мәжбүр" деген қауесетті тексеру үшін "Елорда құрылыс" компаниясының кеңсесіне ескертусіз жетіп келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Құрылысы бітпеген пәтер үлескерлерінің айтуынша, әкімдік «баспанаға төле, 10 жыл күт және соңында қосымша төлем төле» схемасы бойынша шыдамдылықтарын тексеруде.
Олардың ішінде «Азбуку жилья», «Шығыс», «Жағалау», «Территорию комфорта» және«Комсомольский» ТК үлескерлері бар.
Тұрғын үй кешендеріне қаражат салып, мердігерлерге алданған үлескерлердің тізімі мұнымен бітпейді. Бірнеше жыл бойы өз үйіне кіре алмай жүрген олар «Елорда Құрылыс» ғимаратының алдына жиналды.
Олардың айтуынша, әкімдік дәл осы компаниямен келісімшарт жасасқан. Қазіргі уақытта ТК кейбірінде мүлде қозғалыс жоқ. Ал құрылыс басталған үйлердің иелерінен компания қосымша ақы төлеуді талап етіп жатыр.
«Елорда Құрылыс» компаниясының басшылығы жағдайды түсіндірді.
Осыдан 2 жыл бұрын Үкімет барлық проблемалы нысандарды тапсыру үшін 40 млрд теңге бөлген. Алайда үлескерлерге қайтарыммен бөлінген қаражат екенін ешкім ескертпеді.
Бөлінген жерге компания тағы бір үй салып, пәтерді сатады және бюджетке ақшаны қайтарады. Басқа инвесторлар да осындай шартпен жұмыс істейді екен.
Ал Нұр-Сұлтан тұрғыны Раиса Абдуллаеваның айтуынша, әкімдіктегілер келісілген компанияны жақтап отыр.
«Бізге, үлескерлерге, құрылыс компаниясына ескертпестен олар біздің меншігімізді сатуға шығарған. Бізде келісімшарт бар. Қандай негізде ондай әрекетке баруда? Тіпті бұл қаражаттың ішінде қала әкімдігі түгіл, ЕКК-ның бір тиыны жоқ, тек үлескерлер мен инвестордың ақшасы. Біз неге мердігер компаниядан бас тартуымыз қажет?» - деп ашуланды ол.
2 жыл бұрын елордада 52 проблемалық тұрғын үй кешені болған. Өткен жылы 10 шақты үй тапсырылды. Әкімдік осы жылы тағы 20 үйді тапсыруды жоспарлауда.
«Бізде 2-3 миллионға пәтер сатып алған үлескерлер көп. Оларға не үшін жеңілдіктер жасағаны белгісіз. Солардың кесірінен біздің құрылыс тоқтап тұр», - дейді жергілікті тұрғын Гүлжан Ілиясова.
Салымшылардың айтуынша, жоғарыда аталған адамдар қосымша ақы төлеуі керек. Бірақ әкімдік те, мердігер компания да үстеме ақы төлеудің маңызын адамдарға түсіндірмегендіктен, бәрі наразылық танытып жатыр.
Сонымен қатар "Елорда құрылыс" компаниясының басшысы 2 жылда үшінші рет ауысып отыр.
Жаңа басшы аптаның соңына дейін қосымша төлем алудың нақты жоспарын беруге уәде етті.
Ал әкімдік 5 жыл бұрын бағаланған үйлердің бағасы қазіргі уақытта жоғары екенін атап өтті. Оған қоса, тұрғын үй кешендерінің бағалары әр түрлі.
Ал бұл схемаға үлескерлердің тарапынан наразылық туындамады. Үлескерлердің 10%-ы келісіп отыр. Ал қауесеттерге сеніп, жаңылысқандарға түсіндіру қиынға соғып тұр.
"Тым арзан баға төлеген үлескерлер қазіргі бағаға сай қарызын толық өтемейінше, үйлерін ала алмайды. Қайда барып шағымданса да, өз еркі. Егер қаласа мердігерлер, инвесторлар ақшаларын қайтарып береді. Оларға 5-6 миллионды қайтарып бере салған оңайырақ. Өйткені олар үйлерді қазіргі бағамен 2 есе қымбатқа бағалай алады", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.