Қоғам белсендісі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек Мақтаарал ауданынында құрылыс жұмыстарын ең алғашқы болып бастаған компаниялардың үндеуін жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үкімет пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған заңгер осы үндеуді желіге жүктеуге тура келгенін баса айтты. Өйткені өз қаражатымен құрылыс бастап кеткен компаниялар арнайы Айгүл Орынбектен көмек сұраған. Олардың айтуынша, билік бастапқыда келіскен пайыздан тым жоғары талап етіп отыр.
"10% дан -18% ға дейін откат "-сұрап отыр дейді. Басында әкімдіктегілер мен 1-2% ға келіскен екен.
Бір емес екі видео түсіртіп алдым, себебі облыстық әкімдік Айгүл арандатып отыр демес үшін.
Мен халықтың шағымын жоғарыға жеткізушімін!
Себебі жергілікті әкімдік менің, халықтың үнін тыңдағысы келмейді!
Сол себептен осылай желіге салуға тура келіп отыр. Қазіргі таңда құрылыс компания қызметкерлерінің өздерін "қамаймыз" деп қорқытып отыр екен шу шығарса!
Арыс қаласында да құрылыс жұмыстарын жүргізген компаниялар ақшаларын ала алмай жүр!
Бұлар да ертең солардың күйін кешеді, себебі бастапқы да, құрылыс жұмыстарын өз қаражаттарына бастаған!", - деп жазды ол Facebook-парақшасына.