Қызылордалық журналист Egov.kz сайтындағы бір былықты әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің сөзінше, ол жылдан бері тұрып келе жатқан үйінде басқа адамдардың тіркеуде (прописка) тұрғанын біліп, аң-таң болып отыр. Бұл жайлы Гүлбану Мақажан facebook парақшасында жазды.
"Үйіңізде кімдер тіркелгенін білесіз бе? Egov.kz сайты арқылы өзімнің жеке парақшама кірдім. Сонда көргенім . Мүмкін біз олардың үйінде тіркеуде тұрған шығармыз.(Танысаңыздар айтыңыздар хабарлассын).
Екінші байқағаным жұмыс орным көрініп тұр. Суретті жылжытыңыз ?Лауазымы деген жерге "Бақуаттылар туралы хабарлар журналисі" дейді. Өлтіріп жазыпты иә, әбден күлдім. Қайдасыздар, бақуаттылар сіздер туралы хабарлама жазайын?
P/S: Жалпы электронды үкімет порталына жиі кіріп өз мәліметтеріңізді тексеріп, қажет болса түзетіп отырыңыздар! Қанша дегенмен техника ғой", - деп сөзін түйіндеді Egov.kz сайтының "тосынсыйын" көріп, күлкіге жарық болған журналист.
Айтпақшы, оның бұл жазбасын көзі шалып қалған желі белсенділері болса, "Ондай-ондай ханның қызында да болады. Менде бір рет анықтамаға сұраныс жібергенмін. Басқа біреудің анықтамасы келді", "Неге олай жаза салады?", - десті.
Ал осы орайда, Egov.kz сайтының басшылығы мен жауапты мамандары не деп жауап берер екен! Қайткен күнде де, естіген құлақтың есебін бергені жақсы емес пе!?