$ 494.87  520.65  4.91

«Жалақысы – 85 мың теңге»: Семей полигоны, Чернобль және ауған соғысының ардагерлеріне жұмыс бар

«Қазір шеберхана ашып жатырмыз, өз күшімізбен жөндеу жүргізудеміз», - дейді «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы.

Қаланың үкіметтік емес ұйымдары мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ауған соғысының қатысушыларын, Чернобль апаты мен Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды жұмысқа орналастыру ісіне белсенді қатысуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімдігі және Жұмыспен қамту орталығының қолдауымен «Семей-ЯП» қоғамдық қоры жұмысшыларды қабылдауда. 

«Бұлар – Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендер, Ауған соғысының қатысушылары, Чернобль апатының салдарын жоюға қатысқандар, Арал тұрғындары және мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Біз ешкімді бөліп жармаймыз, бәрін жұмысқа қабылдаймыз.

Жасы 60-қа жеткен жұмыссыз азаматтар бар. Қызметкерлеріміздің жалақысы шамамен 85 мың теңгені құрайды. Қазір шеберхана ашып жатырмыз, өз күшімізбен жөндеу жүргізудеміз», - деді «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары