$ 445.66  474.58  4.78

Ер адамды суицидтен құтқарған 15 жастағы жасөспірім ерлігі үшін марапатталды (ВИДЕО)

Ол қауіпті жағдайды дұрыс бағамдап, ерлік көрсетіп, ағысы қатты өзенге түсіп, ер адамды өлім аузынан алып қалды.

 Алматы облысы Полиция департаменті басшылығы суға кеткен ер адамды құтқарған жасөспірім наградталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым күні Алматы облысы ПД бастығы Серік Кудебаевтың бұйрығымен суға батып бара жатқан адамды құтқарып, ерлік көрсеткен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Мирас Бейсен марапатқа ие болды.

«Ол қауіпті жағдайды дұрыс бағамдап, ерлік көрсетіп, ағысы қатты өзенге түсіп, ер адамды өлім аузынан алып қалды. Тұйық, дегенмен жүрегінің түгі бар, азаматтық көзқарасы жоғары жас батыр болашақ құқықтық тәртіп сақшысы ретінде жасаған ерлігін өзінің міндеті санайды. Мирастың ата-анасына осындай азаматты тәрбиелегені үшін алғысымызды білдіреміз», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Ораз Жолдасов.

Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ораз Жолдасов ерлік жасаған жасөспірімнің ата-анасына гүл шоғы мен алғыс хат табыстады. Ал жасөспірімге естелік таңбасы бар құнды сыйлық – атаулы қол сағатын табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#марапат