$ 494.87  520.65  4.91

«Кешірім сұраймыз»: Шымкенттің жастар орталығы «жезөкше» ролигінің мән-жайын түсіндірді (ВИДЕО)

Желі қолданушылары автормен келіспейтінін білдірді, олар сыртқы келбет пен киім - әр адамның жеке ісі екенін атап өтті.

Шымкент жастар ресурстық орталығы қысқа белдемше киген қыз туралы роликті түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жезөкше" қысқа метражды бейнеролик туралы ақпарат. Talas киноорталығымен қысқа тәлімді видеоролик жасау туралы келісім жасалғанмен, нақты "жезөкше" ролигін түсіру туралы келісім болған жоқ. Орталық тарапынан роликтің сценарийі бекітілмеген. Орталық видеоның негізгі идеясымен келіспейді. Сондықтан бұл роликті қаржыландыру қарастырылмайды. Орталық тарапынан қандай да бір қателіктер болса, кешірім сұраймыз", - делінген Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының жауабында.

Бұған дейін, қысқа белдемше киген қыз туралы видео Қазнетте дау туғызған болатын. Желі қолданушылары автормен келіспейтінін білдірді, олар сыртқы келбет пен киім - әр адамның жеке ісі екенін атап өтті.

Басқаларын роликті қаржыландыру мәселесі қызықтырды. Мемлекеттік сатып алу сайтында қысқа метражды бейнероликтер түсіруге лот орналастырылған. Тапсырыс беруші - Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері басқармасының Жастар ресурстық орталығы. Қызмет көрсетуші - Таласов Серік Төребекұлы (режиссер). "Сатып алу қорытындылары бойынша зат сомасы" бағанында 6 миллион 200 мың теңге көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары