10.06.2020, 00:57

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет тізімі жаңарды

фото: kazgazeta.kz
Жиынтық құрамы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тағамдық және энергетикалық құндылығын ескере отырып жасалған.

Мемлекет тұрмысы төмен отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке кіретін заттардың тізімін анықтады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Еңбек ресурстарынын дамыту орталығына (iac.enbek.kz) сілтеме жасап.

Кепілдендірілген әлеуметтік көмек –  бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін көмек.

Ол 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр ай сайын азық-түлік жиынтығы ретінде  , ал тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының есебінде беріледі .

Жиынтық құрамы үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін , тағамдық және энергетикалық құндылығын ескере отырып жасалды.

Әлеуметтік пакеттің құрамына  кальций мен басқа да микроэлементтер, анемия, рахит және дисбактериоздың алдын-алуға арналған пробиотиктеры бар әртүрлі өнімдер енген .

Сонымен, орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:

1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;

3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.