$ 494.87  520.65  4.91

«Халықты ойлаған әкімді көрмедім әлі»: Болат Бақауовтың ісіне Түсіпбаеваның «қарны ашты» (ВИДЕО)

Ол облыс әкімі болған кезде немен айналысқан?
фото: dalanews.kz, aigak.kz
фото: dalanews.kz, aigak.kz

Халыққа тік мінезді әнші ретінде танылған Меруерт Түсіпбаев Павлодар облысындағы жолдың сапасыздығына "қайран қалды". Ол instagram парақшасында Болат Бақауовты сынап, "әкім болған кезінде не бітірген?" деген мағынада сауал қойды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Мәселен әнші, халықтың жағдайына алаңдап, жолды жөндей алмаған әкімді сынады. 

"Достар, қалайсыздар!? Әлеуметтік желіде Маралдыға, біздің бұрынғы әкім Болат Бақауовқа қатысты біраз мәліметтер  айтылған еді. Міне, енді мен өз көзіммен көріп келе жатырмын. Мынадай жол. (Видео арқылы жолдың сиқын көрсетті). 

Ол облыс әкімі болған кезде немен айналысқан? Оған қоса ол, осы жерде дүниеге келген. Осы жолдың 10 шақырымын жөндей алмаған ба? Азғантай жерді жөндемесе, несіне әкім болған? 10 шақырым жерді жөндеуге ақша таба алмаған ба? Маралдыға қатысты Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың соңынан сыбыс шыққан еді", - деп ашынды әнші.

Жолдың сапасына қарны ашқан әнші, өзі өткен жолды видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеді. Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары болса, "Халықты, ауылды ойлаған әкімді көрмедім әлі", "Қалтаға не салады сонда, жол оңдаса", "Меруерт ханым, жаңа көріп-біліп отырсыз ба, қызық екен, немен айналысты деген сұрағыңыз?! Ешкім ештеңе жасамайды, жалпы Қазақстанның әкімдері жұмыс істемейді, тек ақша жеу, тонау", "Толық келісемін сізбен", "Ой, несін айтасың!? Қазақстан жолдарының 100 пайызының 40 пайызы жақсы шығар!?", - десті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Қазақстанның көк туын көтеріп, жартылай жалаңаш күйде сахнаға шыққан қызды сынаған болатын. Енді міне, Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың әкім болған кезінде жол жөндемей, не тындырғанына түсінбей әлек болып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары