$ 444.32  473.33  4.76

Меценат па әлде бандит пе?: желіде жұмбақ кәсіпкер Көңілбайдың сұхбаты жарияланды (ВИДЕО)

Оған «Депутат бол!» деп талай мәрте ұсыныс түсіпті. Бірақ бас тартқан. Қылмыс әлемінде ізі қалған небір мықтылармен байланыс орнатқан. Оның ішінде әнші Қыдырәлі Болманов та бар көрінеді.

Меценат әрі табысты кәсіпкер Көңілбай Шүкенов «Уақыт көрсетеді» атты Youtube жобасының қонағы болып жүргізушінің қитұрқы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, осыншама бай елде тұрып сіңірі шыққан кедей болу ұят тірлік. Халықтың жағдайының жақсаруына елдегі банк жүйесі кедергі болып отыр. «Қазақстандағы банк жүйесінің бәрі дүдәмал. Мемлекет атын жамылып ашылып, арты жекенің қолына көшкен алаяқ жүйе. Таза тонау! Оқыста сүрініп немесе ауырып қалып алған несиеңізді төлей алмай қалсаңыз, коллекторы мен сот орындаушысын яғни қабаған екі итін жіберіп талатып алады. Қартайған шал-кемпірді далаға лақтырып тастап, бәрін алып қойып жатса тонау емей немене? Оның иесі Ресей немесе Қытай болса тәуелсіздікпен кімді құттықтайсың?! Артында көзі қисық біреу отырады. Олай болса бала-шағамды, халқымды оның құлы қылуға қақым жоқ», - дейді ол.

Әрі бір өзі ондайлардың талайымен сөйлесіп көріпті.

«Көшеде жүріп өскендіктен елге түкірген жандарға қарап тұра алмаймын. Кез келген мәселені шешіп бере аламын. Үйін банк тартып алғандар мен несиесін төлей алмай қалғандар хабарласады. Бәрімен сөйлесемін. Коллектермен талай мәрте шайқастым. Несиесін төлей алмады екен деп ұрып-соғып кетуге, я болмаса көлігін тартып алуға кім права берді оларға?!», - дейді сенімді түрде. 

Яғни қажет деп тапса, елдің ақысын жегендердің «любойын» (сұқбат берушінің сөз саптасын сақтадық) сындыруға бар. Әрине, заң жолымен. 

Бірақ өзін бандит санамайды. Оппозияция да емес. Екі жақтың (халық пен билік) да тамырын бірдей басуды қатты меңгерген. Көбіне елге қызмет еткісі келеді. Мемлекетке де қарсы емес. «Екі жаққа да (халық пен билікті айтады) керек адамбыз»,- дейді. Н.Назарбаевтың қолыннан «Құрмет» орденін алған құрметті азамат екен. Оған  «Жомарт жан» деген төс белгі қоса берілген.

Айтуынша, мұның барлығы адал еңбектің арқасы. Жоғарыдан ешкімнен көмек күтпейді. Алған да емес. Олар оның жұмысына кедергі келтірмесе болды.  Билікке қызықпайды, барғысы да келмейді. «Депутат бол!» деп талай мәрте ұсыныс түскен. Бірақ бас тартқан. Қылмыс әлемінде ізі қалған небір мықты жігіттермен байланыс орнатқан. Оның ішінде Қыдырәлі Болманов та бар көрінеді. 

Айтуынша, досына адал керісінше жауына қатал. Сатқындық жасап кеудесін көтергендердің талайының кеудесін басып берген. Көліктің жүк салғышына салып тауға апарып сөйлескен кездер де жоқ емес.

«Ондайлар әрине, болды. Жақсылап тұрып сөйлесемін. Тірі қайтады. Бірақ сүйегі ғана. Рухы сынып солбырайып, құр сүлдері ғана қайтады. Тірі өлік», - деп бір күліп алды.

Айтпақшы, Көңілбай мырза биржада ойнап, криптовалюта, акция бизнесімен айналысады екен. Өзі құрған крипто системасы барын жасырмайды. Жұрттан ақша тартады. Бірақ алаяқ емес.

«Бізде «Гарант 24» секілді көптеген алаяқ жүйелер бар. Оның жарнамасын әншілер жасап берді. Жақсылап тұрып. Ақырында әншілерге құлай сенген жұрт сан соғып қалды. Енді ол қаржыны қайтару мүмкін емес. Қайтарған күннің өзінде халықтың қолына жетпейді. Біз ондай емеспіз, аманатқа қиянат деген жоқ. Аманатқа алып отырмыз. Аударған қаржысы те үй алуға ға жұмсалады», - дейді ол. 

Сөз арасында «өзін шық бермес Шығайбай емес Көңілбаймын» деп есептейтін ол осы уақытқа дейін екі жүзден астам отбасын үймен қамтамасыз етіп отырған «Харекет» қоры секілді қайырымдылықпен айналысатынын айтып қалды. «Бақытты отбасы» деп аталатын жоба құрып жұмыс жасайды. Оны үнемі жарнамалап жүреді екен. Еш ұят санамайды екен.

«Садақаның жария және жасырын түрі болады. Азғындық жайлаған елде жария болғаны дұрыс. Біздің жасырынымыз да бар, жариямыз да бар», - деп атап өткен кәсіпкер осы уақытқа дейін 42 отбасыға үй алып беріпті.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары