$ 448.89  477.93  4.76

Басшылығы ПТР-тест тапсыруды міндеттеген алматылық дәрігерлер шу шығарды

Мәселенің мән-жайын түсіндіруге директор орынбасары шықты. Ол қол астындағыларға «наурыз айына дейін жалақы бердік» деп отыр. Кейіннен бұл мекеме қауіпті вируспен ауырғандармен байланыста болғандарды оқшаулайтын орынға айналыпты. Осы айда ғана жұмысын жалғастырғандар арнайы анықтаманы талап еткендерін де жасырмады.

Алматы облыстық балаларды оңалту орталығының дәрігерлері шу шығарды. 50-ден астам қызметкер басшылықтың коронавирусқа қатысты тест тапсыруды міндеттегеніне наразы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, жарытып жалақы берілмей келгенін былай қойғанда, үш ай карантинде отырғанда тіпті тиын санап қалыпты. Ал орталық басшылығы әр медицина қызметкері өзі тұратын тұрғылықты жерінен тегін анализ тапсыра алатынын айтады.

Шыдамы шегіне жеткен ақ халаттылар жұмыс орындарына баса-көктеп кіруге мәжбүр болды. Өйткені басшылық тек диспансерлік есепте тұратын балаларды қабылдайтын орталыққа өз қызметкерлерінің «вирус жоқ» деген анықтамасыз аттап басуына рұқсат бермеген. Ал айлап карантинде отырғандар ақылы тестті қай ақшамызға тапсырамыз деп ашулы.

"Коронавирусқа байланысты тест анализ өткізіңдер, кім өткізбейді, жұмысқа жіберілмейді деп қудалап жатыр. Біз екі жарым ай отырдық. Ақша жоқ. Жаңа жылдан бастап ақша дұрыс алмадық. Жұмысқа келмейсіңдер, төлемсіз еңбек етуге шығасыңдар деп жатыр. Біз онсыз да қыстан бері ақысыз отырдық", - «Кәусар» балаларды фтизиопульмонологиялық оңалту шипажайының мейірбикесі Сәлима Балғали.

«Қыстан бері жарытып жалақы да алмадық» дегендер өздері қызмет ететін орын атауының өзгергенінен де бейхабар. Бұрын «Шымбұлақ» деп аталған балаларды фтизиопульмонологиялық оңалту шипажайының қазір «Кәусар» деп аталатынын енді біліп отыр. Тіпті қалтасын қағып, ауруын анықтауға  соңғы тиынын санап бергендер де басшылықтан жөнді жауап ала алмапты.

"Мен ПТР тапсырдым. Соның өзінде «ПТР-ыңыз керек жоқ, үйіңізге апарып қойыңыз» деп айтты. Қыздарға ақылы тапсыртқызады, біз ақшамызды төледік, Енді ПТР-тесті керек жоқ деп жатыр. Екі ай отырдым. Кредитімді төлей алмадым. Бала-шағам бар бағатын", - деді «Кәусар» балаларды фтизиопульмонологиялық оңалту шипажайының тіс дәрігері, Әсемхан Нұрғалиева.

Мәселенің мән-жайын түсіндіруге директор орынбасары шықты. Ол қол астындағыларға «наурыз айына дейін жалақы бердік» деп отыр. Кейіннен бұл мекеме қауіпті вируспен ауырғандармен байланыста болғандарды оқшаулайтын орынға айналыпты. Осы айда ғана жұмысын жалғастырғандар арнайы анықтаманы талап еткендерін де жасырмады.

"Сіз қауіпті вирус бар-жоғы белгісіз дәрігерлердің қолына өз балаңызды сеніп тапсыра аласыз ба? Әрине, жоқ. Олар тегін тестті өздерінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханағада барып тапсыра алады. Облысқа сынама өткізу бойынша мүмкіндік қарастыруды сұраған болатынбыз. Бірақ жауап әлі келмеді", - деді «Кәусар» балаларды физиопульмонологиялық оңалту шипажайы директорының орынбасары Мариям Бобакидзе.

Осылайша жауаптылар 120 қызметкердің жартысы Covid-19-ға қатысты тексеріліп, өз жұмысын жалғастырып жатқанын айтады. Ал тұрғылықты мекенжайымен тегін тапсыруға барғандардың көбі кері қайтыпты. Өйткені арнайы анықтаманы ақысыз алуға мекеме басшылығының өзі тест орталығымен келісімге отыруы керек екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары